I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы



бет23/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

Әдет-ғүрыптар — ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.
Адамгершілік— моральдық маңызға ие болған әдет-ғүрып.
Заң — конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.
Мәдениеттің анықтамасы мен онын қүрылымы индивидтер мен қауымдастықтардың, жалпы қоғамның әлеуметтік әміріне ықпалын сара-лауға мүмкіндік береді. Оның ықпалы мынандай бағыттарда жүзеге асады:
1. Әлеуметтендіру және жеке түлғаларды қалыптастыру арқылы. Сәби жарық дүниеге қуатты қасиеттері бар тек биологиялық организм ретінде келеді. Ол қасиеттерді тәрбие дамытады, үлгілейді, қальттастырады, еңбек пен шығармашылыққа қабілетті саналы тіршілік иесі, адамға айналдырады. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейімдейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Бұл процесс тұлғаға сол мәдениетті түсінуге және оның шеңберінде саналы әрекет етуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді.
Демек, әлеуметтендіру - бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін-өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы.
2. Қоғамдық өмірге мәдениеттің ықпал жасау тетіктерінің аса маңыздысы мәдениеттің құндылықтар жүйесін және оларды анықтайтын критерийлерді белгілеу болып табылады. Адамның тәртібі оның қажеттіліктерімен анықталады. Туғаннан және күнделікті өмірден туындайтын қажеттіліктер болады. Бұлардың соңғысы кайсыбір жокшылық сезімінен туындап, әрекетке итермелейді. Қажеттіліктердің көлемі және оларды канағаттандыру тәсілдері тарихтың жемісі және мәдениетке тәуелді болып келеді.
Әлеуметтануда мәдени құбылыстарды дәстүрлі бөлулер мен эмпирикалық талдаулар бар.
Мәдениетті өзіне сіңірген субъектілер: қоғам, ұлт, тап, Мәдениеттің бұл топтарының арасындағы қатынастар әр кезде саймасай келе бермейді. Бүған бүгінгі ұлттық мәдениеттер арасындағы шиеленістер, қоғамдық және индивидуалдық мәдениеттер арасындағы қарама-кайшылықтар мысал бола алады.
Функционалдык рөліне қарай мәдениетті қайсыбір қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жалпы (өзекті) мәдениет және қайсыбір мамандық адамдарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.
Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында катаң белгіленген шекара жок. Өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпы орта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезенінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне кәсіптік этика мен эстетиканы қосып алғанда, мамандықтың дүниетанымдық негіздерін пайымдауды талап етеді.
Мәдениетті шығу тегі (генезис) бойынша белгілі бір стихиялық жағдайда пайда болған, нақты авторы жоқ халықтық мәдениетке және ав-торларын нақты анықтауға болатын, кәсіби мамандардың — интеллигенцияның жасаған «білімді» мәдениетіне бөлуге болады.
Мәдениетті түрлеріне қарай материалдық (мысалы, материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, т.б.) және рухани (ғылым, өнер саласындағы қол жеткен табыстар, сонымен катар адамгершілік, көр-кем, педагогикалық мәдениет, т.б.) мәдениеттер деп бөлу калыптасқан.
Мәдениетті материалдык және рухани деп бөлу шартты екені даусыз. Өйткені оларға ортақ бірнеше мәдениеттер бар, айталық, экологиялық, физикалық, т.б.
Әдебиет
1. Михайлова Л. Социология культуры. – М.: Дашков, 2006. – 344 б.
2. Окладникова Е.А. Социология культуры. – СПб.: 2008. – 312 б.
3. Общая социология: Учебное пособие /Под общ. ред. проф. А.Г.Эфендиева. – М.: ИНФРА-М, 2004.- 654 с.
4. Рысь Ю., Степанов В. Социология: Учебник. М.: Дашков. 2005. – 518 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет