Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы әкімшілік жауаптылық



бет26/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы әкімшілік жауаптылық. Жеке адамның әкімшілік жауаптылығы көзделген құқыққа қарсығ кінәлі (қасақана және абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс- әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялық құқықтық тәртіпке, халықтың өміріне, денсаулығына, экологиялық қауіпсіздігіне, , қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін , әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы кінәлі әрекеті не әрекетсіздікті айтамыз. Әкімшілік Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылыққа 16 жасқа толған азаматтар тартылады. ҚР-сы Әкімшілік Кодексінің 45 бабына сәйкес экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның мынадай түрлері қолданылады:

  1. Ескерту жасау.

  2. Әкімшілік айыппұл салу.

  3. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою.

  4. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның объектісі болған затты, құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу.

  5. Арнайы құқықтан айыру.

  6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру. Қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға оны қолдануды тоқтата тұру.

  7. Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу.

  8. Өз бетімен салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

  9. Әкімшілік қамауға алу.

  10. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет