Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық



бет24/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық
1. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық түрлері.
Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас. Экологиялық құқық бұзушылық өзінің құрамына қарай әкімшілік және тәртіптік теріс қылық немесе қылмыс болуы мүмкін. Жасалғаны үшін әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық сияқты жауаптылық туындайды. Сонымен қатар, келтірілген залал, зиян үшін азаматтық-құқықтық және материалды жауаптылық туады.
Тәртіптік жауаптылық. Тәртіптік жауаптылық еңбек саласы, қызмет бабы, лауазым дәрежесімен тығыз байланысты. Тәртіптік жауапкершілік- тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік. Экологиялық құқық бұзушылық немесе қоршаған ортаға бағытталған теріс қылығы үшін қызметкерге жаза түрінде қолданылатын санкцияны тәртіптік жауаптылық дейміз. Сондықтан тәртіптік теріс қылық деп қызметкердің кінәсінен оған жүктелген қызметтік міндеттердің дұрыс орындалмауын не мүлде орындалмауын айтамыз. Сондықтан жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған тәртіптік жэазалар қолданылады. ҚР-ның Еңбек Кодексіне сәйкес тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады:
- ескерту жасау
- сөгіс беру:
- қатаң сөгіс беру .
- еңбек шартын бұзу .
Егер экология саласында теріс қылық жасаушы мемлекеттік қызметкер болса, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады:
ескерту жасау; сөгіс беру ; қатаң сөгіс беру; қызметіне толық емес сәйкес келетіндігі туралы ескерту; қызметінен босату.
Тәртіптік жазаны қолдану үшін қызметкерден міндетті түрде жазбаша түсініктеме алады. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет