Күні: 1.02.2022
Топ: П2В (9)
Пән: Еңбек құқығы және ӘҚҚ
Сабақтың тақырыбы: Еңбек құқығы –еңбек құқығы саласы Еңбек құқығының түсінігі , функциясы және жүйесі. Еңбек құқығының қайнар көздеріне түсінік.
Сабақтың мақсаты: Еңбек құқығы –еңбек құқығы саласы Еңбек құқығының түсінігі , функциясы және жүйесі. Еңбек құқығының қайнар көздеріне түсінік беру
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ , жауап, ізденіс
1 Лекция
Қарастырылған сұрақтар:
1.ЕҚ ұғымы,пәні,әдісі
2.ЕҚ мақсаты мен міндеті,функциялары
3.ЕҚ жүйесі
4.ЕҚ қайнар көздері
5.ЕҚ қағидалары
6.ЕҚ құқықтық қатнастары
1.Еңбек құқығы-жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыру бойынша жеке және ұжымдық шарт негізінде ,азаматтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыру процесінде пайда болатын еңбек қатнастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес,еңбек процесінде еңбек қатнастары және олардан туындайтын ,еңбекке қатысы бар қатнастар болып табылады.
Еңбек құқығы нормалары еңбек құқықтық қатнастарының туындауы, тоқтатылуын, қызметкерлердің ортақ еңбек тәртібін, еңбекақы ең төменгі көлемін және қауіпсіздік талаптарына жауап беретін еңбектің процестік дағдайларын белгілейді.
ЕҚ әдісі-ол еңбек қатнастарын реттеудегі амалдардың, құралдардың, әдістердің жиынтығы.
ЕҚ қатнастарының әдістері:
-Орталықтандырылған-)Парламент,Үкімет) заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау жолымен мемлекеттік реттеу жатады.М: мемлекет еңбекке ақы төлеу мөлшерін, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілейді.
-Жергілікті –құқықтық актілерде бекітіле отырып еңбек құқығы қатнастарының тараптары үшін міндетті болып табылуы.
-Шарттық,ұсынымдық,императьивтік- олар ұйғарым немесе тыйым салу нысанында болады.М: түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа толмағандарды жіберуге тыйым салынады.(ЕК-122бап)
ЕҚ мақсаты мен міндеті:
Еңбек қатнас-н және еңбек қатнас-на тікелей байланысты өзге де қатнас-ды еңбек қатнастары тараптарының құқық-ы мен мүдделерін қорғауға,еңбек саласындағы құқық мен бостанд ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу.
Міндеті: еңбек қатнастар тараптары мүдделерінің теңдігіне,экономсикалық өсуге қол жеткізуге,өндіріс тиімдігі мен адам-ң әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдай жасау.
Еңбек құқығының ролі-реттеуші роль.Яғни адамдардың еңбек процесі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді.
Функциялары:қорғау,реттеу,тәрбиелеу,шаруашылық-өндірістік функциялары.
ЕҚ жүйесі-біртұтас саланы құрайтын ,кейін құқықтық институттар мен субинституттарға бөлінетін заңды нормалар жиынтығы.
ЕҚ жүйесі-жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы бөлім: пән,әдісі,жүйесі,қағидалары,қайнар көздерін,субъектілерін қамтиды.
Ерекше бөлім:еңбек заңнамасының барлық басқа нормаларын қарастырады.
Ерекше бөлім құқықтық институттарына топтастырады: еңбек қатнас-ң п.б,өзгерту, тоқтату негізін реттейтін нормалар, жұмыс уақытын ,демалу уақытын реттейтін нормалар т.б.
Қайнар көздері:
1.заңдар
2.Қ.Р Конституциясы
3.Қ.Р Еңбек Кодексі
4.еңбек заңнамасының актілері
5.Қ.Р Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
Құқықтық принцип деген- құқық нормалары жүйесінің ішкі бірлігі мен дамуының бағыттарын анықтайтын негіз.
1.азаматтың еңбек саласындағы құқықтарын шектеуге жол бермеу
2.еңбек бостандығы
3.мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады
4.қауіпсіздік талаптарына сай келетін еңбек жағдайын қамтамасыз ету
5.еңбек үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес құқығын қамтамасыз ету
6.тынығу құқығын қамтамасыз ету
7.әлеуметтік әріптестік
8.Еңбекте білім алу мен біліктілікті жоғарлатумен ұштастыру,кәсіптік дайындық пен біліктілікті арттыру құқығын қамт ету.
Еңбек құқығы қатнастары:
1.Шарттық және ақылы жүзеге асырылады.
2.Еңбек процесінде туындайды
3.ерекше заңды фактпен –еңбек шартымен,келісіммен байланысты
4.Жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады
Достарыңызбен бөлісу: |