I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері



бет23/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1

1.6.1 Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері

Жалпы ғылыми тілдің, оның ішінде химия тілінің әр жақты түсінігі бар. Философиялық жағынан алғанда, ғылыми тіл –ғылыми білімнің біліну түрі, білім –мазмұнға, тіл – түрге жатады. Мазмұн мен түр арасында диалектикалық байланыс бар. Білім үздіксіз өсіп молайып отырады, тіл жеке бөлікті тұрақты қалпында қалады.


Таңбалар туралы ілім – семиотика химиялық тілдің таңбаларын үш жағынан қарастырады.
Біріншісі – химиялық тілдің сөз мәні, таңбаның бейнелейтін объектіге қатынасын көрсетеді. Химиялық символикада таңбамен атом , формуламен заттың құрамы, теңдеумен химиялық реакция белгіленеді. Олардың әрқайсысы өздері бейнелейтін объектілері жөнінде көптеген ғылыми мағлұматтар береді. Химиялық кәдімгі номенклатураның негізіне заттың бір белгісі, мәселен, кездесетін жері, қолданылуы, ашылу кезінде байқалған қасиеттері, ағзаға әсері, ғылымның аты, алыну тәсілі, т.б. байланысты кездейсоқ оқиғалар алынуы мүмкін. Осыдан тарихи қалыптасқан пайдалануға тиімсіз атаулар келіп шығады. Жүйелік номенклатура жасау арқылы мұндай көп негізді кездейсоқ атаулардан құтылуға болады. Жүйелік номенклатураның белгілейтін объектілері заттардың өзі емес, құрылымдық формулалардың графикалық модельдері, демек олар химиялық символикаға негізделеді.
Химиялық тілдің екінші жағы – прагматика, таңбаның таным барысындағы пайдасын зерттейді. Химия саласында жинақталған қоғамдық тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуіндегі таңбалар жүйесінің мәнін қарастырады. Химиялық тілдің оқыту барысындағы пайдаланылуы да осы салаға жатады.
Химиялық тілдің үшінші жағы – синтаксис, таңбалардың құрылысын және бірігу ережелерін қарастырады. Химиялық терминдердің жасалу модельдері, химиялық формулалар мен теңдеулерді құрастыу, химиялық теңдеулерге коэффициенттер қою, жүйелік номенклатураның негіздерін анықтау химиялық тіл синтаксисінің міндеттеріне жатады.
Әр таңба өзінің мағынасы арқылы әсер етеді, мағынасыз таңба болуы мүмкін емес. Таңбаның мағынасы дегеніміз–денотаты яғни белгілеу жөнінде білдіретін ақпараты. Ақпарат – күрделі ұғым. Біз ақпараттың қандай болмасын бір нәрсе немесе құбылыс жөнінде хабар, ақпар немесе мәлімет деген анықтамасын пайдаланамыз.
Әдетте, терминнің мағынасы шектеулі, ол ғылыми анықтама арқылы ізделеді деген пікір берік қалыптасқан. Дегенмен, ғылымның теориясы ауысқанда терминге берілетін анықтама да өзгереді, бұған химияның тарихынан мысалдар келтіріп, көз жеткізу қиын емес. VIII ғасырда А.Лавуазье қышқылдардың оттектік теориясын ұсынып, қышқылдық қасиетті тудырушы оттегі деген пікір айтты. Келесі ғасырда кейбір қышқылдар құрамынан оттегі табылмаған соң қышқыл термині сутегі арқылы анықталады. Тәжірибе құрамында сутегі бар заттардың бәрі қышқылдық қасиет білдірмитіні белгілі болды. Осыдан барып, Аррениус теориясы бойынша, қышқыл терминіне сутегі катиондарын бөліп шығаратын электролит деген анықтама беріледі. Бұдан соң XX ғасырда протолиттік теория тұрғысынан протонды бөле алуына қарай анықталады. Химияның одан әрі дамуы барысында қышқыл термині сольваттық, электрондық жатымды –жатымсыздық теориялары тұрғысынан шектеледі. Әр анықтаманың мазмұнына сәйкес қышқылдар класының құрамына кіретін заттар саны, яғни ұғымының көлемі үздіксіз өзгеріп отырады.
Химияның орта мектепке арналған бағдарламасының мазмұнын анықтағанда осы өзгерістер, яғни тарихи негіз ескеріледі. Қазіргі жаңа бағдарламада қышқылдар мен негіздерді анықтаудың үш теориясы: суттектік, электролиттік диссоциациялану және электрондық теориясы көрініс тапты.
Мектептегі химия курсының теориялық деңгейі көтерілген кезде терминдердің химиялық символиканың мағынасы тереңдиді, заттарды атаудың негіздері дамиды.
Химиялық тілдің оқыту барысындағы мәні педагогикалық және методикалық жағынан әлі де негіздей түсуді қажет етеді.Химиялық тіл оқыту барысында қолданылмайтын сала жоқ десе де болады. Жоғарыда келтірілген химияны оқыту барысының сызбанұсқасына қарасақ, оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны тіл арқылы мемлекеттік құжаттарда тіркеледі және баяндалады. Химиялық тіл оқыту құралдарына жатады, өзінен басқа оқу құралдарын жасауға пайдаланылады. Оқыту әдістері де тілді қолдануға негізделген. Оқытудың ұйымдастыру формалары және нәтижесін шығару да тіл арқылы жүзеге асады.
Мектептің химия курсындағы тіл туралы білімнің мазмұны және оны игеруге қойылатын талаптар
Жаңа бағдарламада оқушылардың жеке кластарда алуға тиісті білімі мен біліктеріне қойылатын негізгі талаптар бес салаға топтастырылатыны айтылады. Соның бірі – химиялық тілді игеруге қойылатын талаптар, негізінен химиялық символиканы қамтиды. VIII кластағы химиялық тілді игеруге қойылатын талаптарға түсініктеме беріп, оларды жүзеге асырудың әдістемелік мәселелеріне көңіл аударамыз.
1-талап. Оқушылар элементтердің химиялық символдарын (20-дан кем емес) білуі керек. Оқушылар символдардың жасалу тарихы, мағынасы және пайдаланылуы туралы мағлұмат алады. Химиялық символ элементті, атомдар молін және бір атомды таңбалайды, олар туралы көптеген сапалық және сандық мәліметтер береді. Бұл мәліметтерді жинақтап, кесте түрінде көрсетейік.
5-кесте Химиялық таңба арқылы білуге болатын ақпарат

Символ туралы мағлұматтар

Жазылу тәртібі

1. Химиялық элемент атомы
2. Изотоптары
3. Салыстырмалы атомдық массасы
4. Элементтің реттік нөмірі
5. Атом ядросының заряды
6. Атомдағы электрондардың жалпы саны
7. Сыртқы қабаттағы электрондар саны
8. Валенттілігі
9. Тотығу дәрежелері
10. Ион заряды
11. Атом молі
12. Мольдік массасы
13. Мольдегі атом саны
14.Молекуладағы атом саны

O
16O ,17O ,18 O
Ar /O/ = 16
Z/O/=8
+8
ne=8
:..O:O
ІІ
O -2,O-1,Oo,O+2
O2-
/O/
M /O/=16 г/моль
NA=6,02.1023
O2



Мәліметтерді ажыратып тану үшін химиялық символдың төңерегіне сан, әріп және басқа айырым таңбалары қойылады. Оқушылар әр таңбаның жазылуын, оқылуын, мағынасын білуі және таңбадан атына, атынан таңбасына ауыса білуі керек.
2-талап. Оқушылар химиялық формулалар мен теңдеулердің мағынасын түсіндіре білуі керек.
Химиялық формула заттың құрамын белгілейді, ол зат туралы мынадай мәліметтер береді. Химиялық формулалар кәдімгі (эмпирикалық), электрондық және құрылымдық формулалар деп жіктеледі. Құрылымдық формулалар молекулалық құрылысы және ковалентті байланысы бар заттар, көбінесе, органикалық қосылыстар үшін жазылады.
Химиялық символдар және формулалардың жәрдемімен химиялық теңдеулер жазылады. Әр химиялық теңдеу жөнінде оқушылар мыналарды білу керек: 1) реакцияға кіріскен және реакциядан шығатын заттардың құрамын белгілейді; 2) реакцияға қатысқан және шыққан заттардың мөлшерін , масса және көлем қатынастарын , жылу эффектісін көрсетеді; 3) осы мәліметтерге сүйеніп химиялық теңдеулерді әр түрлі есептеулер жасау үшін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет