I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет40/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі, Талдаудың кинетикалық әдістерінің жіктелуі
1-сынауық 2 сынауық 3 сынауық 4сынауық
Fe Fe Fe Cu Fe Zn
Cy+O2 Cy+O2+NaCl Cy+O2+NaCl Cy+O2+NaCl
5 сынауық
Fe
Cy+NaCl+NaOH
Коррозияның жүргені оттегінің жұмсалып, судың көтерілуі, тұнбаның түсі және мөлшері арқылы анықталады.
Салыстырулар мынаны аңғарады:
2-сынауықта бірінші сынауыққа қарағанда коррозия күшті;
2- сынауықта үшіншіге қарағанда аздау;
2- сынауықта қоңыр тұнба;4-де ақ тұнба түзіледі;
2- сынауықта тұнба 5-дегіден көп.
Зерттеуден шығатын қорытынды: хлорид-ион және мыс (активсіз металл) темірдің коррозиясын күшейтеді. Гидроксид-ион және мырыш (темірден активті металл) баяулатады.
Металдардың жалпы қасиеттері: бос күйіндегі металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері , ауаның оттегімен әрекеттесуі ,сумен әрекеттесуі, қышқылдармен әрекеттесуі, табиғатта кездесуі, алыну тәсілдері, металдар иондарының тотықтырғыш қасиеттері 7,8-кестелерде (Нұрахметов, 9-кл,106-107 беттер) бойынша қорытылады.
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту
Химиялық элементтерді оқып-үйрену жоспары және металдардың жалпы қасиеттері оқушыларға таныс болғандықтан, негізгі және қосымша топшалардың металдары мәселесі әдіспен және оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқылады.
Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске түсіріп, активтілігін салыстырады. Бейметалдармен, сумен және қышқылдармен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазады. Сілтілік металдардың ашылу тарихы, табиғаттағы қосылыстарды, алынуы және қолданылуы туралы хабарлама жасайды.
Екінші негізгі топша элементтерінің атом құрылысы бірінші негізгі топшаның металдарымен салыстырылып, қасиеттеріндегі ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Түзетін жай заттарының,оксидтерінің гидроксидтерінің және тұздарының химиялық формулалары жазылып, қасиеттері сипатталады. Берилийдің қосылыстарынан басқалары нағыз металдың және негіздердің қасиеттерін білдіретіні тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Тотығу-тотықсыздану және алмасу реакцияларының теңдеулері электрондық және иондық тұрғыдан талқыланады.
Кальций және оның қосылыстары толығырақ қарастырылып, судың кермектілігі және оны жою жолдары жөнінде жаңа ұғым беріледі.Алдымен зертхана жағдайында кермек су алу және оның қасиеттерін сынау тәжірибесі көрсетіледі. Әкті су арқылы көміртегі(IV) оксиді жіберіледі, түзілген тұнба көмірқышқыл газын көбірек жібергенде ериді. Байқалған құбылыстың химиялық мәнін талдап, осыларға ұқсас әрекеттердің табиғатта жүзеге асатыны айтылады. Жер қыртысынды әктас және бор түрінде кездесетін кальций карбонаты су және ауада әрдайым болатын көмірқышқыл газының әсерінен еріп,табиғи суларға кермектілік береді. Судың кермектілігі кальций және магний катиондарының, сульфат және гидрокарбонат аниондарының болуымен байланысты. Магний және кальций гидрокарбонаттары бар судың кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп аталады және қыздырғанда жойылады:
Сa(HCO3)2=CaCO3 +H2O+CO2
Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций,магний сульфаттарының және басқа тұздарының жүруінен болады, қыздырғанда кетпейді. Уақытша және тұрақты кермектілігі көбінесе, химиялық жолмен кетіреді:
Ca(HCO3)2+Ca(OH)2=2CaCO3+2H2O
CaSO4+Na2CO3=CaCO3+Na2SO4
Судың кермектілігін білудің және жоюдың тұрмыстағы және өнеркәсіптегі маңызы айтылады.Кермек суда сабын көпіршімейді, бу қазандарының түбіне және қабырғасына қақ тұрады, олардың бүлінуіне әкеліп соқтырады.
Үшінші негізгі топшадан алюминий және оның қосылыстары толық өтіледі.Оқылып өткен екі негізгі топшаның металдармен салыстырғанда айрықша–амфотерлі қасиеттерінің болатынына, сілтілермен реакциясына назар аударылады:
2Al+2NaOH+2H2O=2NaAlO2+3H2
Кейінірек, бұл реакция жиынтық түзу тұрғысынан түсіндіріледі.Нәтижесінде натрийдің тетрагидроксоалюминаты-NaAl(OH)4 түзіліп, сутегі бөлінеді. Алюминийдің өндірілу тарихы, табиғи қосылыстары және қолданылуы жөнінде оқушылар хабарлама жасайды.
Қосымша топшалардың элементтерінен, жаңа бағдарлама бойынша темір қарастырылады. Темірді мысалға алып, қосымша топшалардағы металдар атомдары құрылысының ерекшеліктері толығырақ талданады. Бұлардың сыртқы қабаттарындағы электрон сандары екіден аспайды, жай заттарда металдық кристалл торларын түзеді. IV период d-элементтерінің электрондармен толу сызбанұсқасы сызылады. Сызбанұсқада скандийден мырышқа дейінгі 10 элемент сыртқының астындағы 3d қатпарын бірден оңға дейін электрондармен толтыратыны ,хром мен мыстан басқасында сыртқы қабатындағы екі электронның сақталатыны айтылады.Бұл олардың металдық қасиеттерінің баяу өзгеруіне әкеліп соқтырады.Қосымша топшалар металдарының валенттілік электрондары сыртқы –s және оның астындағы-d- деңгейшелерінде орналасатын болғандықтан ,оң тотығу дәрежелері +3-тен + 7-ге дейін өзгереді. Хром +2, +3 және +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2 тотығу дәрежесіндегі оксидтері мен гидроксидтері негіздік , +3 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары амфотерлі, +6 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары қышқылдық қасиет білдіреді. Бұл заңдылық металдардың бәрінде байқалады .
Темір атомында электрондардың орналасу ретіне қарап, оқушылар оның тотығу дәрежелері жөнінде жорамал жасайды:
+26 Fe 2e-,8e-,14e-,2e-
Жорамалын темірдің өздеріне белгілі тотығу дәрежелерімен салыстырады. Әлсіз тотықтырғыштармен (мысалы, күкіртпен ) +2, ал күшті тотықтырғыштармен ( мысалы, хлормен ) +3-ке дейін тотығатыны еске түсіріледі :
2 +2 -2
Fe+S=Fe S- темір (II) сульфиді
3 2
2Fe+3Cl2=2FeCl3 темір (III) хлориді
Темірдің сутегімен,(қыздыру арқылы ) су буымен және ауадағы оттегімен +2 және +3 дәрежелеріне дейін тотығу реакцияларының теңдеулері жазылады. Екі қатар оттекті қосылыстар түзетіні , +2 тотығу дәрежесінде негіздік , +3 тотығу дәрежесінде амфотерлі қасиет көрсететіні тәжірибелер арқылы нақтыланады:
FeO F(OH)2 Fe2O3 Fe(OH)3
Қара ақ қызыл қоңыр қоңыр
Негіздік қасиет амфотерлі қасиет
Fe(OH)+NaOH=Na [Fe(OH)4] натрий тетрагидроксоферраты. Бұдан соң темірдің табиғаттағы қосылыстары мен құймаларының қолданылуы жөнінде түсінік беріледі.
Соңында металдар тақырыбы бойынша эксперимент есептері шығарылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет