Сабақтың тақырыбы: Одағайға байланысты қойылатын үтір
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: одағай сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, одағайдың басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту.
2.Дамытушылығы: үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлану қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тыныс белгілерді орынды қолдануға,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд, семантикалық кесте, интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір. (тақырыпты оқу, ереже жаттау)
Үйге берілген 179, 182, 186-жаттығуларын тексеру.
ОЖСБ сынағына дайындығын тексеру бағытында тест сұрақтарын беру:
1. Туынды сөзді анықтаңыз
а) заманның
в) заманға
с) заманнан
д) заманымыз
е) заманауи
2. Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтау.
Біресе қар жауады, біресе жаңбыр жауады.
а) талғаулы
в) себеп-салдар
с) кезектес
д) ыңғайлас
е) қарсылықты
3. Анықтауыш қай сөз табынан болғанын анықтаңыз. Жанған от тәнді жылытады.
а) есімше
в) ырықсыз етіс
с) көсемше
д) ортақ етіс
е) өздік етіс
4. Ашық буын = ашық буын = ашық буын және бітеу буын = бітеу буын сызбасына сәйкес қатар.
а) айнала жарық
в) тамаша тілек
с) балаша қуан
д) айнала аппақ
е) балаша күлмес
5. Жасалу жолына сәйкестендір. Сын есім + зат есім = ойын атауы
а) ақшелек
в) тауықкөз
с) көкқұтан
д) соқыртеке
е) ақсақал
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: Е, С, А, Е, Д.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Пунктуация дегеніміз не?
Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу, түсіну мүмкін бе?
Ой жеткізудегі бет-жүз құбылысын, қол қимылдары мен дауыс ырғағын қағазға түсіре аламыз ба? Бұларды қандай белгілер алмастыра алады?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді ата.
Үтір қайда қойылады?
Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал – тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік. Біз бүгін одағай сөздер қатысқан сөйлемдерде үтір қалай қойылатынын меңгереміз.
Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіру.
ІV Тапсырмалар
Кітаппен жұмыс.
187-жаттығу (жазбаша)
188-жаттығу (жазбаша)
Жанбай ата мейірімі
189-жаттығу (жазбаша)
Интерактивті тапсырмалар (Электронды оқулықтан 51, 52- тапсырмаларды орындату)
51-тапсырма. Берілген одағайларды қатыстырып, сөйлем құрау.
52-тапсырма. Көп нүктенің орнына одағайдың тиістісін қойып, тыныс белгісіне көңіл бөлу.
Әттеген-ай, Ей, Пай-пай, қап, бәлі, япырай, бәсе, тәйірі, Шіркін.
Семантикалық кестені толтыру
Мысалдар
|
Қаратпа
сөздер
|
Оңашаланған айқындауыш сөздер
|
Қыстырма
сөздер
|
Одағай
сөздер
|
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын
сотқар болып едің.
|
+
|
|
|
|
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
|
|
|
+
|
|
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
|
+
|
|
|
|
Ойбай, білсем Құдай ұрсын!
|
|
|
|
+
|
V. Қорыту, бекіту
Үш топтың оқушылары өз топтарымен бірлесіп постер қорғайды.
(Басты ерекшелігі туралы айта келіп, үтірдің қойылу орындарына мысал келтіру) Мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді:
1-топ: Көңіл күй одағайы
2-топ: Шақыру одағайы
3-топ: Жекіру одағайы
1.Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Мысалы: Бәрекелді, батырым, осылай болатынын сезгем ( Ә. Әбішев ).
2.Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Сізге, тәйірі, сол да сөз боп па?
3.Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой, о, тоба - ай!
Үш топтың жауабын тыңдағаннан кейін «Галереяға саяхат» әдісі арқылы өзім қорытамын.
Көңіл күй одағайы
|
Шақыру одағайы
|
Жекіру одағайы
|
Адамның түрлі көңіл - күйін білдіреді
Алақай (қуану), әттең (өкіну), шіркін (таңдану)
|
Мал, ит - құсты шақыру не қууға байланысты айтылады. Шөре - шөре, құрау - құрау, моһ - моһ, т. б.
|
Жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді.
Тәйт, жә, тек, т. б.
|
Сабақты қорыту:
(Электронды оқулықтағы 54-тапсырманы орындату.)
Дұрыс бұрыс, бұрыс, дұрыс, дұрыс, бұрыс, дұрыс
VІ. Үйге тапсырма:
1. «Өзіңді тексер» тапсырмасын орындау
2. Көркем әдебиеттен мысал жазу, талдау.
VІІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |