Байланысты: 228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1
Электролиттік диссоциация теориясын IX сыныпта оқыту әдістемесі Тақырыптың мектеп химия курсында алатын орны. Тақырып құрылымы. Ерітінділер, химиялық байланыс, валенттілік, тотығу дәрежесі, тотығу тотықсыздану реакциялары, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсініктердің электролиттік диссоциация тақырыбын оқытуда негізгі тірек білім екендігі туралы.
Физикамен пән аралық байланысты иондардың зарядталған бөлшек ретінде әрекеттесуін қарастыруда және электр тогын химиялық экспериментте қолдану мүмкіндігі.
Электролит қосылыстар, иондар, иондық реакциялар және олардағы заңдылықтар жайлы түсініктердің қалыптасуы оқушылар бойында заттар және химиялық процесс жайлы түсініктің қалыптасуының жаңа кезеңі ретінде. Химиялық тіл жайлы түсініктің дамуы. Электролиттердің электролиттік диссоциациясы және оның мәнін ашу жайлы түсінікті қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері. Әлсіз және күшті электролиттердің қасиеттері. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан оқушылардың қышқылдар, негіздер және тұздар жайлы білімін дамытып, тұжырымдау. Электролиттердің сулы ерітіндлердегі реакциясын жіктеу. Гидролиз жайлы түсінікті қалыптастыру, оның табиғаттағы мәнін ашу. Химияның қорытындылау кезеңіндегі электролиттік диссоциация теориясының заттар мен құбылыстар мәнін түсіндірудегібілім негізін тереңдетіп, жалпылау. Қышқылдар мен негіздер теориясы жайлы мағлұмат беру. Химияны тереңдетіп оқытатын бағдарламалардағы осы тақырыптардың берілу деңгейі. Тақырыпты оқытудағы көрнекілік пен эксперименттің алатын орны.