I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


-кесте Химиялық формула арқылы білуге болатын ақпарат



бет24/87
Дата07.02.2022
өлшемі2,94 Mb.
#88405
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық-1

6-кесте Химиялық формула арқылы білуге болатын ақпарат

Берілетін мәліметтер

Белгісі

1. Заттың сапалық құрамы
2. Заттың атомдық құрамы
3. Салыстырмалы молекулалық массасы
4. Элементтердің масса қатынасы
5.Молекула молі
6. Молекуланың мольдік массасы
7. Мольдегі молекула саны
8. Мольдік көлемі (газ)
9. Атомдар байланысының реті
10. Байланыстың сипаты
11. Құрамы бойынша аталуы

SO
SO2
Mr /SO2/ = 64
m / s /:m / O /=32:32
v / SO2 /
M /SO2 / = 64 г / моль
NA (O2) = 6,02*1023
V m / SO2 /= 22,4 л/моль
O=S=O
O: : S: :O
Күкірт / IV / оксиді



3-талап. Валенттілікке сүйеніп, екі элементтен тұратын қосылыстардың формулаларын құрастыра білу. Бұл талап оқулықта және әдістемелік әдебиеттерде жеткілікті баяндалған дәстүрлі тәсілдермен іске асырылады.
4-талап. Металдардың және қышқыл қалдықтарының валенттіліктері бойынша негіздердің және тұздардың химиялық формулаларын құрастыра білу. Мұнда гидроксотоптың бір валентті, қышқыл қалдығының валенттілігі металмен орын алмастыратын сутегіне тәуелді екенін есте ұстау жеткілікті.
5-талап. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздарды атай білу. Оқушылар әр класқа жататын қосылыстарды атаудың мынадай жалпы негіздерін біліп алуы керек: 1) кез келген химиялық қосылыстың аты екі сөзден тұрады; 2)қосылыстың аты құрамына сәйкес берілетіндіктен әр зат екі бөліктен тұрады деп есептеледі; 3) заттың құрамы химиялық формула арқылы белгіленеді, номенклатураға негіз болады; 4) химиялық номенклатура үшін элементтің латынша атының түбірі пайдаланылады; 5) түбірге – ид , - ит , -ат жұрнақтары жалғанады. Олардың қайсысы жалғанатыны қосылыстың класына, қосылыс түзетін элементтің валенттілігіне байланысты; 6) екі элементтен тұратын қосылыстардағы бейметалдың атына – ид жұрнағы жалғанады. Қышқыл қалдықтарындағы қышқыл түзуші элементтің атына - ит ( төменгі валенттілігінде) немесе -ат (жоғары валенттілігінде) жұрнақтары тіркеледі. Оқушыларға элементтің латынша атының түбірге жалғанатын халықаралық қосымшаны түсіндіру керек.
6-талап. Электрон қабаттарындағы электрон сандарын көрсетіп, атом құрылысының сызбанұсқасын сыза білу. Оқушылар VIII класта: 1) әр қабатта орналасуы мүмкін электрондар санын (біріншіде-2, екіншіде -8, үшіншіде-18, төртіншіде-32, т.б. ); 2) сыртқы қабатта және оның астындағы қабатта орналасқан валенттік электрондар санын; 3) s және p электрон бұлттарының пішінін және кеңістікте орналасуын; 4) аяқталған және аяқталмаған қабаттар туралы білуі керек.
7-талап. Қосылыстың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай білу. Тотығу дәрежесі валенттілікпен қатар қолданалытын ұғым. Ол теріс электрлік ұғымымен тығыз байланысты. Тотығу дәрежесі кез келген қосылысты шартты түрде иондардан тұрады деп есептегенде әр атомға тиесілі заряд шамасымен анықталады. Бос күйіндегі және жай зат құрамындағы атомның тотығу дәрежесі нөлге, иондық қосылыстарда иондар зарядына тең болады. Демек, тотығу дәрежесінің оң, теріс немесе нөл болуы мүмкін. Элемент атомының тотығу дәрежесі мен валенттілігінің сан мәндері сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
8-талап. Өтілген тотығу - тотықсыздану реакцияларының негізінде электрон балансын жазып, химиялық теңдеу құру. Оқушылар атомдардың электрон беру және қосып алу мүмкіндігін дәл басып анықтап, тотықтырғыш , тотықсыздандырғыш , тотығу үрдісі және тотықсыздану үрдісі ұғымдарын жете меңгеріп, тотығу дәрежесі ұғымын пайдалана білуі керек.
9-талап. Келтірілген талаптарға сәйкес оқушылардың химиялық тіл туралы алған білімі IX сыныпта нығаяды. Бұл сыныпта жаңадан қосылатын талап қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың диссоциациялану теңдеулерін, өтілген және соларға ұқсас реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құра білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет