Дебаттар әдісі Жарыстарды дебаттар әдісімен өткізу оқушылардың сыни ойлауын, үйлесімді жұмыс істеуін, толеранттылығын және қазіргі кездегі қоғамдағы талаптарға сай болып қалыптасуын мүмкіндік етеді.
Дебат нәтижесінде қалыптасатын негізгі біліктер:
Өз көзқарасын қорғап, қалыптастыра білу.
Шешендік шеберлік және диалогты жүргізу икемділігі.
Командалық жұмыс істей білу және көшбасшылық сапаның қалыптасуы.
Дебат әдісі оқушылардың диалог, сөзталас, дискуссия жүргізу біліктерін қалыптастырады. Нәтижесінде оқушылардың дұрыс шешім жасай білуі, шығармашылық ойлауы, өз ойын жүйелі түрде негіздей білуі, ұсынған идеясын қорғап, елдің көзін жеткізе білуі қалыптасады.
Оқушылар ел алдында сөйлей білуге, елмен қарым- қатынас жасау мәдениетінің дамуына мүмкіндік алады. Оқушылар бойында зерттеу икемділігі қалыптасады. Себебі келтірілген аргументтер, мысалдар дәлелдеуді қажет етеді. Ал оны дәлелдеу үшін оқушы әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге жаттығады. Оқушы бойында ұйымдастырушылық қабілет қалыптасады, яғни оқушы тек өзін- өзі ұйымдастырып қана қоймайды, көпшілікке ұсынған материалды да жүйелі түрде құра алады. Дебат арқасында тыңдай білуге және әртүрлі алынған ақпараттарды қысқаша белгілеп жаза білуге жаттығады.
Дебат дегеніміз зияткерлк жарыс. Онда оқушылар өз көзқарастары мен ойларын белседі түрде қорғауға үйренеді. Дебатты жоғарғы сыныптарда сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақыттарда өткізген ыңғайлы. Дебат ұйымдастырушылардан да, оған қатысушылардан да белгілі деңгейді қажет етеді.
Дебат келесідей әрекет жиынтығынан тұрады:
Ойынға дайындық
Ойынды жүргізу
Ойында талдау
Ойынға екі команда қатысады: біріншісі- тезисті тұжырымдайды, екіншісі оған қарсы пікір айтады. Әр команда дебат формасына орай екі немесе үш ойыншыдан (спикерден) тұрады. Ойын мәні бейтарап төрешіні неғұрдым өздерінің ұсынған аргументтеріне сендіру.
Дебаттың әрбір кезеңінің өзіндік құрылымы және қолданған әдіс- тәсілдердің жүйесі болады.
Ойынға әзірлік алдымен тезисті анықтаудан басталады. Дебатта ол тұжырамдар түрінде болады. Тақырып орындалуына келесі талаптар қойылады: дебатерлар үшін бұл мәселе қызығушылық туғызу керек, екі жаққа да сапалы аргументтер табылатындай тақырып алынады, тақырыптың аталуы нақты болуы керек, тақырып зерттеу жұмысын жүргізуге стимул жасайтындай болғаны дұрыс. Дебатқа қатысушы әрбір жақ өздеріне қажетті тұжырымды нақтылау алатындай болуы қажет.
Дайындық кезіңінде ойынның құрылымы келесідей болуы мүмкін:
Ақпаратпен жұмыс істейді. Оқушының білімін белсендіру үшін миға шабуыл жасау керек. Әртүрлі мәліметтерді жинақтау үшін ақпараттар көзін іздестіру. Алынған материалдарды жүйелеу, аргументтер жүйесін, тезисті нақтылаушы және жоққа шығарушыәртүрлі сұрақтар легін әзірлеу.
Дебат барысында қалыптасатын арнайы икемділік пен дағдылар:
Қарама- қарсы жақтың стратегиясын құру. Сұрақтарды дұрыс құру. Риторика мен логика негізін әзірлеу.
Топпен жұмыс істей білу.
Аутотренинг.
Дайындық кезеңінде оқушылар терең оқып, жан- жақты қарастырып, тезистегі әрбір түсінікке анықтама беру керек, айтқан ойды нақтылаушы, қарама – қарсы ойды көрсететін және әрбір жақ өз ойларына қарсы ойдың стратегиясын ойлап келеді. Әрбір аргументке қарсы ой дайындайды.
Әрбір команданың әрбір раунд арасында 8 минут дейін тайм аут алуға мүмкіндігі бар. Әрбір спикер ойын үстінде қатаң түрде өзінің белгілі бір рөлі мен қызметін атқарады.
Тайм- кипер- командаларға уақыт көрсетіп отырады. Спикер рөлдері:
Нақтылаушы спикер- командасын таныстырады, тақырып аты мен көкейтестілігін, осы тақырыпқа кіретін негізгі түсініктерді көрсететіп, кейсті хабарлап, қорытынды жасайды. Сұраққа дайын екендігін мәлімдейді. Сұраққа жауап беру 3 минуттан аспайды. Қарсы жақтың бірінші спикері- өз командасын таныстырады, қарама- қарсы тезистің тұжырымына, негізгі түсініктерге анықтама береді. Бірінші спикерге шабуыл жасайды. Анықтаушының көзқарасын жоққа шығарады және қарама- қарсы жақтың кейсін ұсынады.
Арнайы сайланған төрешілер немесе қатысып отырған аудитория екі команданың ойынға қалай қатысқандығын бағалап, қайсысы жеңіске жеткендігін анықтайды.
Талдау. Дебат аяқталған соң дебатқа қатысушылардың әрекеті талданады. Қандай дайындықпен келді, қалай сөйледі, сөйлеу мәнерлері, аргументтердің нақтылығы, шешендіктері, адамгершіліктері т.б.
Дебат басталмас бұрын «Дебатқа қатысушылардың адамгершілік кодексі» таныстырылады:
Өзін де өзгені де сыйлау.
Шындыққа жету.
Қарастырлатын мәселеге жан- жақты талқылап, үлкен дайындықпен келу.
Дебат этикасы:
Дебат кезінде өздеріне қарсы жаққа дауыс көтеруге, ұрсуға немесе басқаша жолмен қарсы шығуға болмайды.
Дебат қатысушыларының сөз таласуы достық шеңберінен шықпағаны жөн.
Қатысушылар адал болу керек.
Өздерінің танымдық деңгейін, жинаған ақпараттарын шыншылдықпен көрсетуі керек. Фактілерді бұрмалауға болмайды.
Дебатқа қатысушылар өздерінің қарсыластарын мұқият тыңдап, олардың сөзін бұрмаламауы керек.
Тренер этикасы.
Әрбір дебатқа қатысушының үлесі болуына көңіл бөледі және дебатқа дайындық кезеңінде еркін пікір алысуын мүмкіндік етеді. Тренерлер дебатқа қатысушылардың достық қарым- қатынасын қамтамасыз етіп, олардың жұмысына стимул жасайды. Тренер дебатқа қатысушылардың дайындалуын жеңілдетеді, бірақ өзі дайын аргумент бермейді және дебатқа қатысушылардың жарыс үшін емес білім алу үшін ойнау керек екендігін еске салады, тренерлер мен дебатерлер арасындағы қарым- қатынас бір- бірін сыйлауға негізделеді.