20. Қызық көрмек болған тобырдың еңсесінің түсуіне ңе себеп болды? A. Серттескен адамның жеңілуі.
B. Әмиянның қайтарылуы
C. Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі.
D. Әмиянның жоғалуы.
E. Серттескен адамның күлкіге қалуы.
1247 нұсқа 1-мәтін
Тау басына қар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым-жырым ақша бұлттың бауырын өрт
шалғандай, аспандағы жалынның алауы нарттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр.
Қарағайлы алқаптың жықпыл-жықпылында қара киімге жапсырған ақ жамаудай іркіліп тұман
жатыр. Апта бойы толастамаған нөсер тайганы да есеңгіретіп тастапты: тым бұйығы, самалы
таусылып сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді. Көк
жүзіне сіңбей, кемер-кемерге іркіліп қалған ақша бүлтардың сүт реңі мұздай суық, шытынаған
көк шағыр аспан ызғар ескендей. Еркімен өріп, өз аяғымен қайтатын мал да бақайының
сықырын байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр.
1. Мәтін мазмұнында сөз болмайтын табиғат сипаты A. Мөлдіреген таңғы шық
B. Көк шағыр аспан
C. Толастамаған несер
D. Қарағайлы алқап
E. Тау басы
2. Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген? A. Жаз
B. Күз
C. Көктем
D. Жазғытұрым
E. Қыс
188
1.
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің тірегі,
асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің
мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі -ұя баланың көз алдындағы үлгі-өнеге
алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе
атасы жақсы кІсі еді, онегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап
ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала - жапырақ», «Ата - балаға сыншы»
деген мақалдар осыны растайды.
2.
Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-
құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай үлттық
тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын
ойлайтыны анық.
3.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішіңде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені
баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
4.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.