қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би»
деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына
қалдыратын биі болтаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жатынан Шыңғыс ханмен
қарайлас болған.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі -
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза»
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықгың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
13.
Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
А) Төбе би В) Шыңғыс хан С) Арыстан D) Теле би Е) Ақарыстан
14.
40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
A)
Жауға бірінші болып шабатындығын
B)
Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
C)
Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
D)
Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
E)
Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
15.
Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз
A)
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
B)
Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.
C)
Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал.
D)
Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
E)
Ер - елінде, Гүл - жерінде.
16.
Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
262
А) Ақылгөй дана, ел билеуші В) Би, шешен, үш жүздің ханы
С) Батыр, дана, хан D) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға
Е) Әскер басы, дана би, хан
17.
«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
А) Тау атымен В) Жер атымен С) Ел атымен D) Ру атымен
Е) Өзен атымен
18.
Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A)
Ақыл азбайды, білім тозбайды B) Ердің атын еңбек шығарар
C) Бірлік бар жерде тірлік бар D) Әдепті бала - арлы бала
E) Өнер алды - қызыл тіл
19.
«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
А) Жалшысы мен малшысы В) Баласы мен данасы
С) Ел-жүрты мен халқы D) Жұбайы мен
жары Е) Отбасы мен ұрпағы
20.
Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
А) Ақарыстың В) Төле бидің С) Ұзынсақалдың D) ЬІбырайымның
Е) Шыңғыс ханның