3 мәтін 1. Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт үшкілдеп байлаған
балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға берді. Жеңіл ер-тоқымды
жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі
ортекеше орғып, кейбірі қайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр
көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып,
тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен
өте берді.
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке келтірген аттылардың
қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр.
- Әне, Құлайкөк пен Топайкөк!
- Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі?
- Ана қазмойын - біздің Көкдауыл!.. - дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай басып, марғау
аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында Құлагер өте бергенде гу
етіп, орындарынан тұрып кетті.
3. Жаршының жағында тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы інген, тай,
құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он құлынды бие; үшінші - бір қоспақ, бес
құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; бесінші - бір кұлынды бие, күміс
кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...»
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да:
- Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сұрқы
бөлек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел
жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Көкөзекке
бұрын түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже. Сүріндіріп алма. Одан шыға бере
Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі-
ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан құшақтады.
7. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Түпкі айылдың батқанын. Иесі білмес, ат білер. B) Ер - намысының құлы.
C) Ер қанаты - ат. D) Ер атағын ел сақтар.
E) Ер сасқанда белгілі, Ат шапқанда белгілі.
8. Халықтың Кұлагерге деген ерекше құрметі нешінші азатжолда суреттелген?
A) Екінші B) Барлығында C) Бірінші D) Төртінші E) Үшінші
9. Барлық жүлдегерлерге ортақ қандай бағалы сыйлық тігілді?
A) Түйе B) Күміс C) Алтын D) Қой E) Жылқы
309
10. Мәтінде не туралы айтылған?
A) Аттарды сынау B) Балуан күресі C) Жаршылар сайысы
D) Ат баптаушылары E) Ат жарысы
11. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ғылыми стиль B) Публицистикалық стиль C) Ауызекі сөйлеу стилі
D) Ресми іс-қағаздар стилі E) Көркем әдебиет стилі
12. Ақанның шабандоз балаға кеңесі қай азатжолда берілген?
A) Бірінші B) Төртінші C) Екінші D) Үшінші E) Бірінші және екінші