I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет334/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2320-нұсқа 
1-мәтін 
Қазақ халкының салт-дәстүрі бойынша азаматтың үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы
жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш болып саналады. Осы үш жұртқа
қатысты айтылатын туыстық қатынас «ағайын», «туыс», «ілік», «жамағайын», «жекжат»,
«жұражат», «кұдандалы» деп аталады. Қазақтар үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен,
бірін-бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп, аты-жөнін сұрастырып отыру
дәстүрге айналған.
Ата - әкенің әкесі, оны ел-жұрт «ақсақал» деп кұрметтейді. Мұндай кісілер төрден орын алады,
оларға әрқашан құрмет көрсетіледі. Оның жолын кесіп өтуге болмайды. «Ауылыңда қартың
болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата - ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы болып
есептеледі. Жастар атадан бата алуға тиіс. «Аталы ел - баталы» деген мақал бар. Атаның
айтқаны кейінгілерге заң.
1.
Бір отбасындағы туыстық атау
A)
«Ағайын»
B)
«Жамағайын»
C)
«Құдандалы»
D)
«Жекжат»
E)
«Ілік»
2.
Жігіттің шыққан тегіне байланысты атау
A)
Нағашы жұрты
B)
Жұрағат

C)
Қайын жұрты


D)
Жекжат



311

E)
Өз жұрты
2-мәтін 

Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш кайнар бұлағы»,


- деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп
әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп
атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді»
деген қанатты сөзі бар, көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1)
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында
күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта
ішінде үйренген.
2)
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жакын тілдерді үйрену қажет екен.
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3)
Ең бастысы - қорыкпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге
тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек
көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
4)
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін
үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін
ұмытпайық!
3.
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз?
A)
Жазушылық қабілеті бар адамдарды
B)
Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды
C)
Он шақты тіл меңгергендерді
D)
Екі тілді меңгерген адамдарды
E)
Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды
4.
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
A)
Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.
B)
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.
C)
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
D)
Басқа пәле - тілден.
E)
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5.
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет
A)
Тілдердің ұқсастығы
B)
Музыка тыңдау
C)
Қоркынышты жеңе білу
D)
Адамның жеке қабілеті
E)
Күн сайынғы жаттығу
6.
Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?
A)
Ән шырқау арқылы
B)
Әуезді саз тыңдау арқылы
C)
Әдемі сөйлеу арқылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет