55
деп өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда
Нұралы:
- Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым:
- Хан, тасып жургенім жок, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
1. Мәтінде қолданылмайтын қарама-
қарсы ұғымдар
A) Нашар мен мықты
B) Тату мен араз
C) Ақ пен қара
Д) Аз бен көп
Е) Тасу-сасу
2. Сырым Нұралы ханның қандай
әрекетіне өкпелі?
A) Тілінің қыршаңдығына
B) Өктемдігіне
C) Әділетсіздігіне
Д) Көпшілдігіне
Е) Қаталдығына
2-мәтін
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған Жиендерінің жанарынан от
байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсірсге жүйріктін тұқымын, қолга
ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы
жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян.
Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермілді. Он жеті жасынан
Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің
арасында ерекше аталатыны - қазірде Алматы- Нарынқол тасжолының 167
шақырымында тұрған Ойрантебеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, бөрі
төген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер кеп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген калмақ
нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін кеп адам біле берменді. Кеген
деген жер атауын да қаламақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни
лауазым дейді.
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Кабанбай,
Бегенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжанын әскерін
талқандаған.
Достарыңызбен бөлісу: