I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет258/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

3- 
мәтін 

Дәріс
Бір шэкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан тозығы


жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:
- Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге
жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, - дейді. Сонда ақылды ұстазы:
- Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа
жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай,
керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын
тамашалайық, - дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын
орындайды, Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып жасырынады. Сәлден соң



219

жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны
сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен.
Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша
болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге
тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзімен жан-жағына қарап сөйлей бастады: «Ей, адам! Кім
болсаң да сен менің халімді өзімнен артық білгендейсің. Әйелімнің ауру екенінен,
балаларымның аш-жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен қиындықтан
құтқардың. Шүкір, шүкір...». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі өзіне белгісіз адамға
алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге
бөленді, Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:
- Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды
іске асырғанда қандай күйде болар едің?!-дейді. Шәкірті:
- Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! --
дейді.
7. Әңгіменің түйіні
A) Алтын көрсе періште жолдан таяды.
B) Еңбектің наны тәтті.
C) Жүйрік алысқа, жігіт намысқа,
D) Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын.
E) Алып қуанғаннан, беріп қуанған артығырақ.
8. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз
1. Тозығы жеткен аяқ киім
2. Шәкірт бойындағы өзгеріс
3. Егінші куанышы
4. Ұстаз ұсынысы
A) 4, 3, 1, 2
C) 1, 4, 3, 2
E) 2, 1, 4, 3
B) 3, 2, 1, 4
D) 4, 3, 2, 1
9. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз
A) Адам санасын ар түзейді.
D) Жақсы ниет - жарым ырыс.
B) Пейілі кең - кемімес,
E) Ұялған тек тұрмас.
Пейілі тар - кеңімес.
C) Жарлы болсаң да, арлы бол.
10. Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті
A) Дауыстап сөйлей бастады
D) Тізерлеп отыра кетті
B) Ақшаны қалтасына салды
E) Таң-тамаша болды
C) Аяғын аяқ киіміне сұқты
11. Мәтін мазмұнынан алшақ қатар
A) Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт D) Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші
B) Егін алқабы, шаршаған шаруа E) Жақсы дәріс, риза егінші
C) Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс
12. Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт
A) Аяқ киімге ақша жасыруы
D) Шаруаның ақша тауып алуы
B) Шаруаның алғысы
E) Аяқ киімді тауып алуы
C) Ұстазына алғыс білдіруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет