I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет328/367
Дата28.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#193790
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2411 - Нұсқа 
1 мәтін 
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің
бәріне, жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал
живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның
эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, ойткені тіл мен музыка
тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге,
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.
1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?
A) Жолың алыс болса, атынды қинама B) Кең пейілдіге ас көп
C) Жігітке жетпіс өнер де аз D) Еңбек ер атандырады E) Өнер - таусылмас азық
2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі?
A) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде B) Спорт пен музыка үйлескенде
C) Тіл мен музыка үйлескенде D) Сурет өнері мен музыка үйлескенде
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде
2 мәтін 
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау дсген оймен,
себет ала шыққанмын. Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңкай
көрінді. Соған таяндым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады. Бүгін
солардың бірінің үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл



305



не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай
емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған
тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан
тәрізді.
Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына
тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып
қонды. Содан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып
ұшып кетті.
Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа
илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл қансорғыш
насекомдарды жойып жібереді.
3. Мәтін стилін анықтаңыз
A) Публицистикалық B) Ауызекі сөйлеу C) Ғылыми D) Көркем әдебиет
E) Іс қағаздар
4. Авторды таңғалдырған жағдай
A) Саңырауқұлақтың жоқтығы B) Қарғаның адамнан қорықпағандығы
C) Құмырсқалар илеуінің көптігі D) Қарғаның илеуді ем ретінде пайдаланғаны
E) Қарғаның құмырсқа илеуінен ұшып кетуі
5. Мәтін не туралы?
A) Құмырсқалардың достығы туралы B) Ормандағы өсімдіктер туралы
C) Орман тіршілігі туралы D) Құмырсқа илеуінің емдік қасиеті туралы
E) Ормандағы құбылыс туралы
6. Қорытынды бөлімінің мазмұнына қатысты тақырып таңдаңыз
A) «Құмырсқа илеуі» B) «Қансорғыш жәндіктер» C) «Құстар достығы»
D) «Қара қарға» E) «Емдеу орталығы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   367




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет