Мұғалімнің өзгерістер енгізу үшін алдын ала қолданатын стратегиялық іс-әрекеті
Дипактың оқиғасы Дипак математикадан сабақ беретін және небәрі 2 жыл мұғалім болып істеді. Ол кейбір оқушылардың математика сабақтарына қызықпайтындығына алаңдайтын. Оның осындай оқушылардың назарын аудару мақсатында сабақ беруді жақсарту тәсілдерін тапқысы келді.
Ол сауалнама парақтарын пайдаланып, оларға көп ұнайтын тапсырмалар туралы оқушылардың пікірін сұрауды ұйғарды. Бірақ кейін егер оқушылардың математикаға теріс қарым-қатынасы болса, олардың пікірлері өздерінің бұрынғы жасағандарына ғана қатысты болуы мүмкін деген негізде бас тартты.
Өз мектебінің математиктер кеңесінде ол әріптестеріне өзінің проблемасын түсіндірді және олар сабақта немесе тапсырма беруде қолданатын барынша тиімді 3 әдісті атауды өтінген сауалнама ұсынды. Дипак оларды тізім бойынша жинап алды және кейін кейбір сәттерді барынша жан-жақты талқылау үшін жекелеген әріптестерімен кездесті.
Содан соң Дипак тізімдегі әрбір стратегияға жүйелі тәжірибе жасады. Ол оларды сабақ беруде қолданды және өз қадағалауларының жазбаларын жасай отырып, әрбір стратегияны бағалады, ол оқушылардан пікір парақтарын толтыруды сұрады және уақыт өткен сайын әріптестерінен егер оларда бос уақыт болса, қадағалауды өтінді.
Бірнеше ай өткеннен кейін Дипак өзінің әріптестерімен құндылығын өз жұмыс барысында бағалаған жаңа стратегиялар туралы пікірмен бөлісе алды. Бұл ақпарат тізімге енген әдістердің еш уақытта ешқайсысын пайдаланбаған әріптестері үшін өте бағалы болып шықты.
Бұдан әрі, Дипак 3 ең жақсы сабақ беру тәсілін атауды өтініп, басқа пәндерден сабақ беретін әріптестерін тарта бастады. Ол осы идеялардың көпшілігін математика сабақтары үшін бейімдеуге болатынын, сондай-ақ бұның мұғалімдер ортасында сабақ беру әдістері туралы талқыға түрткі болатынын байқады.