1.Дауысы құстардың бойына қайрат, күш беретін күс
A)Торғай
B)Бұлбұл
C)Бүркіт
D)Қарлығаш
E)Бозторғай
2.Қарлығаш әнінің әсері
A)Жүрегіңді тебірентеді.
B)Сағыныш сезімін тербетеді.
C)Мейіріміңді оятады.
D)Хош иіс аңқиды.
E)Бойыңа күш сыйлайды.
3.Құстарды жан-жаққа үркіткен құс
A)Бұлбұл
B)Бүркіт
C)Тентек бозторғай
102
D)Қарлығаш
E)Момын бозторғай
4.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Еліктегіш бозторғай
2.Қос балапан
3.Құстардың әсем әуені
4.Момын бозторғай әні
A)4,1,3,2
B)2,3,1,4
C)2,4,1,3
D)3,1,4,3
E)1,4,2,3
5.Бірбеткей бозторғай еліктеген дауыстар
A)Туған даласы
B)Бұлбұл мен қарлығаш
C)Таңғы тыныс-тіршілік
D)Сыбдыр қаққан құрақ
E)Жұлдызды түндер
6.Момын бозторғайдың «ұстазы»
A)Қарлығаш
B)Бүркіт
C)Туған анасы
D)Дархан дала
E)Бұлбүл
7.Момын бозторғай әніне берілген баға
A)Әуен құстарға ұнамады.
B)Кең далада шырылдай салған үн.
C)Бір-біріне мейірімін арттырады.
D)Шіркін, дауысының мың құбылуын!
E)Әуен көмейден шыққанымен, жүрекке жетпейді.
8.Соңғы жолда айтылған ойдың жалғасы
A)«Өнер – жастан шығады» деген сөз осыдан қалыпты
B)«Әлін білмеген әлек» деген сөз осыдан қалыпты
C)«Өнерліге өріс кең» деген сөз осыдан қалыпты
D)«Есеп білмеген есек» деген сөз осыдан қалыпты
E)«Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз осыдан қалыпты
4.22-мәтін
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға
айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше
қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер
баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа
толғанда, оның карын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны
өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға
жасалады.
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан
балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер
ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап,
ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді.
Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті
жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған.
Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады
деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай
батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-
сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді.
Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.
103
|