I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Парижде 2014 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы



Pdf көрінісі
бет92/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Парижде 2014 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы 
комитетінің отырысы шеңберінде мақұлданған жоба 
A)«ЭКСПО-2017» 
B)«Жасыл технологиялар» 
C)«Адамдарды біріктіру» 
D)«Хрустальді сарай» 
E)«Болашақ энергиясы» 
2.XIX ғасырда өткізілген көрмеге қойылған заттарға жатпайтыны 
A)Жарықтандыру жүйесі 
B)Стоматологиялық креслолар 
C)Тігін машинасы 
D)Автомашиналар 
E)Телефон аппарат 
3.«ЭКСПО» сөзінің мағынасы 
A)Энергия 
B)Көрме 
C)Жәрмеңке 
D)Жәдігер 
E)Болашақ 
4.Қазақстанмен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге қандай мемлекет 
үміттенді 
A)Ұлыбритания 
B)Ресей 
C)Лондон 
D)Бельгия 
E)Қытай 
5.«Телевидение» сөзі қай жылы қолданысқа енді? 
A)1900 
B)1893 
C)2014 
D)1851 
E)1871 
6.Лондондағы көрмеден түскен пайда құны 
A)2017 фунт стерлинг 
B)6 млн.фунт стерлинг 
C)3 млн.фунт стерлинг 
D)1851 фунт стерлинг 
E)186 000 фунт стерлинг 
7.Алғашқы Бүкіләлемдік көрмеде ең үздік сәулет өнері жобасының 
жеңімпазы 
A)Мүгедектерге арналған протездер жасауды ұсынған веналық 
B)Ысытылған резеңке ойлап тапқан – Чарльз Гудиер 
C)Әйгілі Виктория мен Альберт мұражайының сәулетшісі 
D)Хрустальды сарай салуды ұсынған – Джозеф Пакстон 
E)«Болашақ энергиясы» жобасын ұсынған қазақстандықтар 
92


8.2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылу тарихына 
неше жыл толды? 
A)6 жыл 
B)2017 
C)162 
D)217 
E)166 
4.16-мәтін 
1.Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары 
мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның 
бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, 
саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырған. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары 
арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 
2. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейкүм!» 
деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп 
жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі амандық-саулық сұрасады. 
Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып 
саналады. 
3.Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылықтың, кішіпейілділіктің бір 
көрінісі – үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ қосып айту. Мәселен, 
Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. Мұны XX 
ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л.Баллюзек те байқаған: 
«Қазақтардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі – жасы 
үлкен кісілердің есіміне еке (әке) қосымшасын қосып айтуы». 
4.Жас келіндер күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-
қарындастарына «Шырақ», «Жарқын», «Айнаш», «Гүлім», «Бауырым» деп 
еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын. 
5.Қазақтар аяғы ауыр әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік 
санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. 
6.Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ 
даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында 
қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы да ұстап 
кіруге болмайтын. 
7.Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын 
туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар – базарлық ала келетін. Ауыл 
ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер 
кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын 
туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған. 
8.Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған 
жерлерінен сарқыт ала келетін. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-
туыстарына қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу 
әдет-ғұрпы да болған. 
9.Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын 
әдет-ғұрып та болған. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге 
аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр 
бойынша өз еркімен жасаған. 
10.Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі – ажырасу көже. Оның 
мәні ауылдың бір тұрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-
туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын 
тамақ беріп, сыйлық тарататын болған. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп 
93


кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал ауылдастары өз кезегінде 
ризашылығын білдіріп, көштің көлікті, барған жердегі қоныстарының құтты 
болғанын тілеп, ақсақалдар ақ баталарын берісетін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет