I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет96/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4.18-мәтін 
1.Қазығұрт – бұл сонау көне заманнан келе жатқан жыр жолдары. Ал Қазығұрт 
тауы біздің көне дәуіріміздің алып ескерткіштерінің бірі іспетті. Жалпы қазақ 
даласының тарихы ұшан-теңіз. 
2.Оны біріміз білсек, біріміз білмей келдік. Әйтеуір, абырой болғанда, соңғы 
кездері сол мүлдем жоғалтып ала жаздаған асыл қазынамызды біртіндеп болса да 
түгендей бастаған сияқтымыз, ең болмағанда, іздеу сала бастадық. 
3.Халық арасында Қазығұрт тауы хақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт 
адамдардың айтуларына қарағанда, құдай о баста жерді, көкті жаратқанда, 
Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың 
қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт 
тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында, азырақ 
тегіс жер бар. 
4.Ол жер Нұх пайғамбардың кемесінің орны. Кеме тоқтаған соң, Нұх пайғамбар 
96


қасындағы серіктестерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған 
хайуандар мен жануарларды өріске жіберіп, алып келген тұқымдарын жерге сеуіп, 
жаңа өмірді бастайды. Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол үңгірдің 
үстіне ағаш шаншып қойған. «Қазығұрт атаның моласы» дейді екен. Басқа 
жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар 
«Қазығұрт қарасын киді» десе, осы кезде әйелдер күлпарасын киеді екен. 
Қазығұрттың аты аталғанда оның жалғыз өзін ғана емес, аумағындағы тарихи 
аймақтарды еске бір салып кеткен жөн секілді. Іргесінде жатқан Қарт Сайрам мен 
оның солтүстік-шығысына қарай кеткен Манкент пен Майлыкент, Түлкібас пен 
Тараз жатса, батысында Ордабасы мен Қараспан, Отырар мен Түркістан жатыр. 
Оңтүстігіне қарай Тұрбат асуы арқылы өткен «Жібек жолы» Қытай 
жылнамашыларының жазып кеткеніндей, Темірқақпадан өтіп, Ташкент, 
Самарқанд, Хиуа, Бұқараға жол тартады. 
5.Қазығұрт маңы – бір кездегі Түрік қағанаты құрылғанда, Батыс орданың 
орныққан жері, «Қорқыт ата» мен «Оғызнамада» жырға қосылып, Тәуке хан мен 
Төле бидің жайлауы болған тау. Бәйдібектің шоқысы Қазығұрттың оңтүстігінде, 
«Орда қонған» деп аталатын мекені Шығыс сілемінде болса, сол бабамыздың 
бейіті солтүстігінде жатыр. 
6.Бұл – енді рухани арылудан кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы 
халық арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы 
Ш.Мұртаза өзінің «Егемен Қазақстан» газетінде жазған мақаласында Нұх 
пайғамбардың кемесі туралы поэма бары-жоғын білмейтінін, ал Қазығұрт туралы 
поэма бар екенін айтады. 
7.Қазығұрт туралы жыр – біреу емес, екеу. Оның екеуі де еш жақтан келген емес, 
нақ осы таудың өз баурайында өмірге келген. Өйткені оларды қанша балталасаң 
да, Қазығұрттан бөліп әкете алмайсың. Соның бірі – төрт түлік туралы. Әрі ол – 
ешқандай діни немесе қияли қоспасы жоқ, өмірдің өзталабымен, өмірдің өзіне 
бағышталған туынды. Бұл жырда қоғамдық дамудың нышаны жатыр, қазақ дүние 
танымының негізгі темірқазығы қалған. 
8.Нұх пайғамбардың кемесі «енді біздің төбемізге тоқтайды» деп көкіректерін 
керіп, масаттанып тұрған биік шыңдарға тоқтамай, Қазығұртқа келіп тоқтағанда, 
әлгі алып таулар Қазығұртқа қарсы соғыс жарияламақ болыпты. Осыны естіген 
Қазығұрт бар әлемге жар салып: 
9.«Ордабасы ұлыма айт, 
Қызылсеңгір қызыма айт», – деп бастаған өлеңінде Қазығұрт тауының кең далада 
нақ өзі сияқты жекеленіп тұрған таулардың бәрінің атын атап барып, ең соңында 
«Қыңыраққа бар да қайт», – деп бітіріп, жеті тауға елші жұмсайды. Осыны есіткен 
әлгі соғысқұмар таулар тез-ақ ниеттерінен қайта қояды. Ал Қазығұрттың осы 
көмекке шақырған ұл-қыздары мен бауырлары атанған таулардың бәрі – аласа 
таулар. Мысалы, қазір Ордабасы тауын білмейтін адам жоқ біздің елімізде. Тіптен, 
біздің еліміз түгілі, көрші елдердің президенттері де келіп, тағзым етіп кеткен 
қасиетті орын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет