I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Данышпан сөзі арқылы көрінетін адам бойындағы қасиет



Pdf көрінісі
бет112/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Данышпан сөзі арқылы көрінетін адам бойындағы қасиет 
A) 
жинақылық 
B) қайырымдылық 
C) ұқыптылық 
D) сабырлылық 
E) шыдамдылық 
2. Мәтін жоспарының реті 
1. Пойызға кешігіп қалуы. 
2. Оқымыстының ұтымды жауабы. 
3. Аяқ киімнің бір сыңарының түсіп қалуы. 
4. Жолдастарын таңғалдырған данышпан әрекеті. 
A) 
3,2,4,1 
B) 1,3,2,4 
C) 2,3,1,4 
D) 1,3,4,2 
E) 4,1,3,2 
114


3. Түсіп қалған аяқ киімді ала алмай қалуының себебі 
A) 
пақыр адамды байқап қалуы 
B) пойыздың жылдамдығының артуы 
C) ескі аяқ киім болғандықтан 
D) жолдастарының әңгімесін тыңдау 
E) жарлыға көмек бергісі келуі 
4. Мәтіндегі негізгі ойға сай келетін мақал-мәтел 
A) 
Жақсы сөзіңді сыйлар. 
B) Жақсылық қылсаң, бүтін қыл. 
C) Ер татулығы - ел татулығы. 
D) Ер өнерімен мақтансын. 
E) Шындықтың шырағы сөнбейді. 
5.7-мәтін 
Аттила 
Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның 
атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия 
кеңістігінде үстемдік жүргізген. 
Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400-453 жылдары өмір 
сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының 
мемлекетгік тілінде атағандықтан, тарихта осы есім қалған. Алайда оны әр халық 
әртүрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен 
Скандинавия тарихында Этцель (Etzel), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі 
халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің 
атауымен байланысты болуы мүмкін... 
434 жылы Ғұн империясының билеушісі Ругила өлгеннен соң, мемлекет билігі 
оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына көшеді. Аттила 10 жылдай 
немере ағасы Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз қолына 
алады. 
Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста - 
Кавказға, батыста - Рейнге, солтүстікте - даниялық аралдарға, оңтүстікте - Дунайға 
дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады. 
Аттила әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопил мен 
Константинопольге дейін жетеді. Қуатты Шығыс Рим империясына (Византия) 
жорық жасап, оны тізе бүктіреді. 451 жылы Галлияға басып кіреді. Мұның соңы 
тарихта бұрын болмаған үлкен шайқас - осы дәуірдің ұлы оқиғасы - Каталаун 
(Франция жерінде) шайқасына алып келеді. 452 жылы Италияны бағындырып, 
Падуя, Милан секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, тек 
салық жинап кері қайтады. 
Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. 
Қаншама халық пен қала Еділдің алдында бас иген. Осылайша Ғұн империясының 
даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болады. Оның 
денесі Тисса өзенінің маңына қойылған. Аттила дүниеден өткеннен кейін ғұн 
тайпалар одағы ыдырап, тарап кетті. 
Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ 
- Аттиланың есімі адамзат тарихындағы ұлы адамдар -Александр Македонский 
мен Юлий Цезарь есімдерімен қатар аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет