миллиграмм шамасында С дәрумені болады. Сонымен қатар итмұрында А, В
₁
, В
₂
,
К, Р дәрумендері мен протеин, минералдар, калий, натрий, кальций, магний,
фосфор, жеміс қышқылдары және шекер бар.
Итмұрын жұқпалы ауруларға және суық тиюге қарсы, сонымен бірге иммунитетті
күшейтіп, жалпы әлсіздікке және шаршағанға қарсы қолданылады.
Қоректендіруші және күш беруші, жеңіл іш айдаушы, нәжіс шығарушы
қасиеттерімен іштің қатуы, өт, бүйрек және қуық мазалауында итмұрынның көмегі
өте зор. Сонымен қатар бүйрек үсті бездерін жақсартып, маңызды гармондардың
қалыптасуына көмектеседі. Итмұрын жараны жазуда, қанды тазалаумен бірге
бүйрек, нәжіс каналдарындағы тастарды, құмдарды, қан аралас нәжісте, суық
тигенде, асқазан шаншуында, күйіктерде, жараларда, қолданылады. Қан көбейту,
қан қысымын реттеу, дененің ауруларға қарсы төзімділігін арттыру секілді
қасиеттері бар.
Дәрумендер қорына өте бай итмұрынды «көздің досы» деп те айтады.
Құрамындағы А дәруменінің қараңғыда көре алмау және басқа да көз ауруларына
көмегі өте зор. Безеу секілді кейбір тері ауруларының алдын алады, қатерлі ісік
ауруларына қарсы қорғаушы әсер береді. Ішіндегі В
₁
дәрумені қанның көбеюін, ми
функцияларының дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: