I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Соңғы бөлім мазмұнына жатпайтын нұсқа



Pdf көрінісі
бет163/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

2. Соңғы бөлім мазмұнына жатпайтын нұсқа 
A) 
ата салтты бұзу - әдепсіздік 
B) дастарқанды аттап кетпеу 
C) аталы сөзге тоқтау керек 
D) салт ханға да, қараға да бірдей 
E) киіктің киелілігін таныту 
3. Ханның ат басын кері бұруының себебі 
A) 
киік киесінен қорқуы 
B) киікке жаны ашуы 
C) киікті үйден шығара алмауы 
D) қарияның сөзіне тоқтауы 
E) өз беделін ойлауы 
4. Мәтін бойынша ханға қатысты дұрыс мәлімет 
A) 
саяткерлігімен танымал 
B) тасы өрге домалап тұрған 
C) қарапайымдылығымен танылған 
D) ақылымен аты шыққан 
E) қаттылығы елге мәлім 
7.4-мәтін 
1. Шекер ертеде шекер қамысы деп аталатын тропикалық өсімдіктен алынатын. 10 
метрге дейін жететін бойын 20-25% шекер құрайды. Шекердің ең алғаш 
Полинезиядан Үндістанға өткеңдігі болжанады. Б.з.д. 510 жылы Үндістанды 
басып алған парсы билеушісі Дара еліне шекер жаңалығын алып келеді. Арасыз 
бал беретін шекер қамысы тез таралып, көптеп қарқын алады. Кейініректе Иранды 
басып алған арабтар да шекердің дәміне құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне 
айналдырды. Батыстықтар басқа да көп нәрсемен бірге шекерді де арабтардан 
алды. Елдеріне қайтқан крест жорықшылары шығыстағы шекердің дәмін ұзақ 
айтып жүрді. Шекер - Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы Еуропа 
165


елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. XVI ғасырда 
толыққанды сауда құралына айналды. 
2. 1309 жылы Лондонда 1 фунт шекердің бағасы бір адамның айлығына тең 
келетін (1 фунт=0,45 кг). Осы себепті күш жинасын деген мақсатта тек ауруларға 
ғана берілетін. Байлардың дастарқанының сәні де осы шекер болатын. Франция 
королі III Генри Венецияға келгенінде, оның құрметіне ұйымдастырылған 
салтанатта барлық табақта шекер ұсынылған. Сол замандары Венеция 
рафинадталған шекердің орталығы еді. Васко да Гама Үндістанға барып шекер 
саудасын жолға қойғанында, Венецияның шекер монополиясына үлкен соққы 
болды. 
3. Христофор Колумб шекер өсіруге климаты ыңғайлы болған Кариб аралдарында 
шекер өсіре бастады. Осыдан кейін аралдар шекер қамысы плантацияларына 
айналды. Еуропаның шекер қажеттілігі осылайша өтеле бастады. Плантацияға 
жұмыс істетуге әлемнің түпкір-түпкірінен жұмыс қолы әкеліне бастады. Осы арада 
құлдар сауда-саттығы да үдей түсті. 
4. XVII ғасырдың орта кезіне қарай шекер барлық жақта дерлік танымал бола 
бастады. Шекерді кофе және какаомен бірге қайнатып ішу Еуропа байларының 
арасында сәнге айналды. Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысының 
шыңға өрлегені соншалық, оны «Ақ алтын» деп атай бастады. Ұзақ жерлерден 
келетіндіктен және тапшы болғандықтан, оның бағасы қымбат болып, тек 
өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады. 
5. Франция императоры I Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, шекер 
жолдарын жапқанында, адамдар жаңа шекер көзін іздей бастады. Маргграф атты 
неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне айналды. Ол ақ 
қызылшадағы (қант қызылшасы) тәтті заттарды кристалдандыруды үйреніп және 
мұның дәмі шекер қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті Ачард мұның 
өндірісін жолға қойып, алғашқы шекер фабрикасын 1802 жылы Силезияда ашты. 
Маргграф қант қызылшасынан 1%, Ачард 4,5% шекер алуды жүзеге асырған 
болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет