3-мәтін
Әлемде ерекше жануарлар көптеп кездеседі. Солардың бірі-бойы 25
сантиметрлік бұғы.
Сіз бұғылардың өсімдіктен басқа жәндіктерді жейтіні туралы естідіңіз бе? Таң
қалмасқа амал жоқ, бұл жануар тропикалық орманда оғаш өмір салтын
жүргізеді екен. Бұғының бойы бар жоғы 20-25 см. Ал салмағы жарты
килограммдай
шығады.
Негізгі
зоологиялық
атауы
–кончиль.
Жұптыаяқтылармен туыс болғанымен оның басында мүйізі жоқ. Оны кейде
«бұғы тышқан» деп те атайды. Бүгінгі күнде әлемде кончильдің бес түрі бар.
Тек бір түрі ғана Африка құрлығында мекен етеді. Ол Африканың су кончилі
(Hyemjschus aquaticus) деп аталады. Ал қалғандары Азиядағы туыстары: үлкен
кончиль (Tragulusnapu), кіші кончиль (Tragulus javanicus) қара түсті кончиль
(Moschiola mennina) және Шри-Ланка кончилі (Moschiola kathygre).
Негізгі мекендері –Малакка түбегі, Суматра және Калимантан аралдары. Соңғы
аталған түрі үнді түбегін және Цейлон (Шри-Ланка) аралын мекендейді. Олар
көбіне жартастарға жақын құрғақ ормандарда тіршілік етеді. Тысқа тек ымырт
жабылғанда ғана шығып қорегін іздейді екен. Тропикалық өсімдіктердің
жапырақтары, саңырауқұлақтар, қоңыздар, бақалар мен балықтарға дейін
алдынан не шықса, соны қорек ете береді. Олар әсіресе балықты көп аулап
жейді. Оны жерде өмір сүретін сүтқоректі жануар десек те қателескен боламыз,
себебі ол суда да өте жақсы жүзе алады. Судан қорегін тауып, сол жерде қауіп-
қатерден сақтанады.
Достарыңызбен бөлісу: