Түлкі - тамаша аңшы. Байқампаздықпен қатар, түлкінің
есте сақтау, иіс сезу
кабілеті күшті және ол саққұлақ. Мысалы, сұр тышқанның шиқылын 100 м
қашықтықтан естиді. Жыртқыш аң ретінде түлкі түрлі ұсақ жануарларды қорек
етеді. Ол тышқаңдармен, қояндармен, ор қояндармен, қосмекенділермен,
бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Жауыннан кейін шұбалшаңдарды
қазып алады, өзендерде балық пен шаян аулайды. Бірақ бұл жануардың*-ең
сүйікті тағамы - құстар. Сондықтан да ол тауық қораларын жиі аңдиды.
Айтпақшы, түлкіні адаммен көршілес өмір сүру еш каймықтырмайды, сол
себепті түлкінің інін ауыл жанынан кездестіруге болады. Жануар жидек, алма,
көкөніспен де тағамданады.
Әр түлкінің өзінің дара қоректенетін жер телімі болады. Ол бар ынтасымен оны
басқа біреулердің басып алуынан қорғайды. Әдетте түлкі аң
аулауға кеш бата
не түнде шығады.
Түлкі коян аулап, құстың ұясын ойрандап тастаудың амалын жібермейді. Соған
қарамастан, ол орманға үлкен пайда әкеледі. Түлкілердің негізгі азығы ауыл
шаруашылығына зиянын келтіретін сұр тышқандар, тышқандар, сарышұнақтар
сияқты кеміргіштер болып табылады. Жас өскін мыршайдар көп мөлшерде
орман алқаптарына белгілі зияны бар жәндік - зауза қоңызын жайпайды.
1
Мыршайлар көбінесе сәуірдің соңында немесе мамырдың басында дүниеге
келеді. Әуелгіде олардың терісінің түсі қоңыр және күшіктерге ұқсайды, бірақ
олардың бір ерекшелігі бар - құйрығының ұшының түсі ақ болады. Жас ұрпақ
тез есейеді, туғанына 20 күн болғанда олар
іннен шығып тірі азықтармен
қоректене бастайды. Еркегіне барлық мыршайларды асырап шығу оңайға
соқпайды, сондықтан оған ұрғашысы да көмектесіп, аң аулайды. Ата-анасы інге
тірі тышқан, құс және ұсақ аңдарды ғана' әкеліп қоймай,
сонымен қатар
мыршайларды аң аулауға баулиды. Бастапқыда мыршайлар
зауза қоңыздарын, шепрткелерді аулайды,
алайда бара-бара сұр тышқан,
кесіртке, бақа сияқты ірірек жануарларды аулауды үйрене бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: