I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет208/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

 
10-нұсқа 
1 мәтін 
Сын 
Атақты суретші шәкіртіне барлық суреттерін қала орталығына апарып, көрме 
ұйымдастыруды ұсынады. Суреттердің қасына қызыл қалам қалдырып, 
“ұнатпаған жерлер бар болса, жондеуді өтінемін” деген жазу жазуды сұрайды. 
Бірнеше күн өтіп шәкірт суреттерін көруге барса, суреттердің шимайланып 
тасталғандығын керіп қапаланады. Ұстазына ренішін айтады. Ұстаз мұны 
көңілге алмай, суреттерді қайта салуды ұсынады. Шәкірт суреттерді қайтадан 
салып, бұл жолы суреттердің қасына түрлі-түсті бояуларды және өткендегідей 
жазу қалдырады. Бірнеше күннен соң келіп қараса, суреттерге ешкім ешқандай 
түзету жасамапты. Оқушы қуанып, ұстазына барады. Ұстаз күлімдеп былай 
дейді: «Бірінші көрмеде суреттеріңді түзетуге мүмкіндік бергеніңде, өмірінде 
бір сурет салмаған адамның өзі «әйтеуір сын болсын» деп шимайлап кетті. 
Екіншісінде адамдардан шығармашылық талап еттің, шығармашылық - білімді 
қажет етеді. Адамдар білмеген соң тақырыпқа сын айтуға қорықты. Жасаған 
жұмысыңның қайтарымын жұмысты түсінбейтін адамдардан ешқашан ала 
алмайсың». 
1.Бірінші көрме мен екінші көрменің айырмашылығы 
A.
Суреттердің өзгеше болуында 
B.
Шәкірт туындыларының ерекше болуында. 
C.
Көрмеге қатысушылар өнер адамдары болуында 
D.
Жазып қалдырылған жазуда. 
E.
Түрлі-түсті бояулар қалдыруында. 
2.Бірінші көрмеге келушілерге қатысты ой 
A.
Біткен іске сыншы көп. 
B.
Жақсы сөз - жарым ырыс 
C.
Сырлы аяктың сыры кетсе де, сыны кетпейді 
D.
Шебердің колы ортақ 
E.
Ұста пышаққа жарымас 
2-мәтін 
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, кайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. 
түрінде 
қолданылады. 
Дәрілерді 
дайындау 
үшін 
шикізат 
ретінде 
пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, емдік 
қасиеттері бар жабайы өсімдіктерден алады. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. 
Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. 
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөпгердің бәрі 
бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ. Себебі барлық дәрінің 
құрамын зерттеу мүмкіндігі болмай жатыр. 
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде 
қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер 
әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықттауға болады. 
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға 
созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт 
жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, 
213


шығысында 
Алтай 
жоталарының, 
оңтүстігінде 
Тянь-Шанның 
биік 
шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дархан даласы мен 
орман, тоғайында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар. 
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы 
заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат 
қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын 
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. 
Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, 
тағамдық өнім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет