хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен қиындықтан құтқардың. Шүкір, шүкір...».
Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі өзіне
белгісіз адамға алғыс айтып,
шүкірлігін білдіріп отырды.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып,
қатты әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:
– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың.
Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті:
– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: