I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет47/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

3.8-мәтін 
Қыран тағдыры 
Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала бүгінде ерекше құлпырып тұр. 
43


Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып, жаныңа жайлылық берердей 
құшағын айқара ашуда. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай болып, көк 
майса шөптері, әр жерге абайсызда төгіліп кеткен бояу сынды қызылды-жасылды 
гүлдері, сол гүлдерден балшырын іздеп шарқ ұрып жүрген бал аралары, таудан 
бастау алып сылдырай аққан мөлдір бұлағы мына далаға айрықша сән беріп
көңілмен ұғар жарасымдылық тапқандай. Сол даланың маңғаз салтанатындай 
болып ақ шағалаға ұқсап кіршіксіз әрі тұла бойы ою-өрнекке тұнған еңселі киіз үй 
тұр. Ежелгі хан ордасы осы мекен деп қалғандайсың. 
Киіз үй ішінде төр жақта реттеліп қойылған жүкаяқ үстінде қат-қат көрпелер, сәл 
беріректе төр көрпе, текемет, алаша сияқты көздің жауын алар әсем дүниелер 
қабаттаса жайылыпты. Мұнан бөлек үй іші түлкі, қасқыр, қоян сынды ірілі-ұсақты 
аң терілеріне малынып тұр. Бұның өзі киіз үйге өзгеше сән беріп тұрғандай. Оң 
босаға жақта бірден көзге ұрып, мен мұндалап тұратын басқалардан ерек бір нәрсе 
бар. Ол нәрсе алтындалған тұғыр үстінде қайратты қанаттарын қомдап, жан-
жағына отты көзін жарқылдата тігіп отырған қыран бүркіт еді. Пышақтай өткір 
тегеурінімен тұғырды сығымдай ұстап, әрі-бері қозғалақтап қояды. Жіліншігіне 
тағылған қызыл жібек бау да қыранның ерен айбатын білдіргендей. Анда-санда 
жем тілегендей “шаңқ” етіп қояды. Бірақ неге екені белгісіз, даусы әлсіз, 
талмаусырай шығады, енді бірде аспан мұхитын еркін шарлағысы келгендей 
түндіктен алып күнге өткір жанарын қадай қарайды. Сөйтеді де тас мүсіндей 
қатады да қалады. Бәлкім, өз тағдырын, өткенін сан мәрте қайталай ойлайтын 
шығар. Кім білсін? 
1.Мәтінде кездеспейтін нұсқа 
A)Қыранның аспан мұхитын еркін шарлағысы келетіндей. 
B)Оң босаға жақта мен мұндалап тұрған ерекше нәрсе бар. 
C)Жасыл жібек бау қыранның ерен айбатын білдіреді. 
D)Қызыл жібек бау қыранның ерен айбатын білдіреді. 
E)Қызыл жібек баулы қыран шаңқ етіп қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет