қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау,
бұтау, үзу, сақтау сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
4.20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы
азаматтарға ел танып, жер танып, тың жол тауып, жаңа бастама көтеріп,
жылқының жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын,
қауіп-қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы
қойылады.
5.Ал қырық жасты «жігіт ағасы», «дүр жігіт» деп атап, қырыққа келген әрбір
азаматқа елге тірек, әлсізге қорған болып, ел-жұртының кеткен кегі мен өткен
өшін алып, Отаны мен халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау парызын
жүктеген. «Ез тірліктен ер өлім», «Ерлік – жігіттің жігіттігін танытатын бағалы
қасиет» деп, ел намысы, ер намысы үшін сын сағатта өзінің бас амандығы мен
жеке мүддесін күйттеп, ел намысы мен ер намысын қорғай алмаған еркекті «ез,
намыссыз, жетесіз» деп айтқан.
6.Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу – тәрбиенің тиімділігін
арттырады. Мал бағып, от жағу, егін егіп, бау-бақша өсіру, қажетті мезгіл мен сын
сағаттарда елінің, жерінің, халқының, Отанының ар-намысын қорғап, азаматтық
таныту – саналылығын өсіреді. Ар-намысты, атақ-даңқты жеке басы мен өз
мүддесінен жоғары қою сияқты ұлы мұрат, асқақ арман орнатуының негізін
қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: