I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Мәтіндегі ұстаздың пікірінше «тұманның түсуі, желдің соғуы, садақтың



Pdf көрінісі
бет52/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтіндегі ұстаздың пікірінше «тұманның түсуі, желдің соғуы, садақтың 
қаттылығы» немен байланысты? 
A)Әлсіздерді әшкерелеу үшін болады 
B)Қалауыңнан тыс болады 
C)Тағдырдың қарсылығымен болады 
D)Адамдарды сынау үшін болады 
E)Жолы болмайтындар үшін болады 
2.Мәтіндегі шәкірттің ойынша жолында кездесетін қиындықтардың себебі 
A)Басына түскен істі қиынсынуы 
B)Кедергінің көп болмауы 
C)Ештеңені үйренгісі келмеуі 
D)Өзінің әлсіздігі 
E)Тағдырдың қарсылығы 
3.Мәтін бойынша шәкірт садағының оғын нысанаға дөп тигізуге кедергі 
болмайтын жағдай 
A)Шәкірттің садақ ата алмауы 
B)Қатты желдің соғуы 
C)Қалың тұманның түсуі 
D)Бұлшық еттерін жаттықтыру 
E)Ауа райының қолайсыздығы 
4.Мәтін мазмұнында кездеспейтін ой 
A)Жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой. 
B)Ешқашан ешкімге қарама. 
C)Біреулер өз нысанасына дәл тигізуді мақсат тұтпайды. 
D)Өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. 
E)Сенің қиындық деп отырғаның – мақсаттың бір бөлігі. 
49


5.Шәкірттің «бәрі маған қарсы» деген пікірі немен байланысты? 
A)өз мақсатымен 
B)өз жолымен 
C)өз арманымен 
D)өз тілегімен 
E)өз әлсіздігімен 
6.Мәтін бойынша ұстаздың шәкіртіне айтқан ақылына сәйкес келетін мақал 
A)Еңбегі ештің – күні кеш 
B)Ерте тұрған өкінбес 
C)Қалауын тапса қар жанар 
D)Алып – анадан, ат – биеден 
E)Түсі келіспей, ісі келіспес 
3.13-мәтін 
Кез келген халық – өзінің біртуар ұлдарымен даңқты. Олар кейінгі ұрпақтарының 
рухани, ғылыми мұрасында, тарих беттерінде өшпес із қалдырды. Қазақ елінің 
осындай ұлдарының бірі – Бейбарыс Сұлтан (араб еңбектерінде Байбарс). Дешті 
Қыпшақ даласын монғолдар басып алғаннан кейін он жасар Бейбарысты 800 
дирхамға сатып жібереді. Ол өзінің алғашқы ұстазы, тәлімгері және әміршісі 
болған Бұндұқдәрі саудагердің құлы ретінде Египетке келеді. 
Араб әлемінде Бейбарыс Сұлтан туралы ғылыми және әдеби еңбектер мен аңыздар 
көп, бірақ оның балалық шағы туралы мәліметтер аз. Түрлі елдердің ғалымдары 
тарихи деректерге сүйене отырып, оның ата-бабаларын Каспий маңындағы 
аймақтарға таралып кеткен Беріш тегіне жатқызады. Тарихи құжаттарда оның 
толық аты – Сұлтан Рукн-Ад-Дин Аз-Захир Байбарс аль-Бұндұқдәрі ас-Салиха Ан-
Наджми Ат-Түркі (кейбір деректерде әл-Қыпшақ). Мамандардың түсіндірмелері 
бойынша, бұл шамамен: Бұндұқтар тегінің тәрбиеленушілері, исламның жарқын 
тірегі Бейбарыс Сұлтан түріктен шыққан, Салиха мен Наджми сұлтандардың 
қолбасшысы деп аударылады. 
Бұндұқдәрі баланы әскери өнерді үйренуге береді. Бейбарыс Египет билеушісі 
Сұлтан Салиханың қайсар жауынгері болады, соңында таққа отырып, 17 жасында 
ел басқарады. Египет мемлекетінде оған дейінгі болған әмірлерден ерекшелігі – 
араб әлемінде Бейбарыс Сұлтанның Египет мемлекетінің негізін қалаушы ретінде 
саналуы. 
Бейбарыс Сұлтан тақырыбы қазақстандық жазушылар мен зерттеушілерді 
бұрыннан қызықтырып келеді. 
Белгілі қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов Бейбарыстың кіші қарындасының 
атымен аталатын «Айтаңсық» әңгімесін, Морис Симашко «Емшан» повесін, 
Қойшығара Салғарин, Тұрсын Жұртбаев және басқа да шығыстанушылар зерттеу 
жұмыстарын, белгілі ақын Аманқос Ершуов «Бейбарыс» поэмасын жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет