I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Қазақтың семиотикалық таңба түстері нені білдіреді?



Pdf көрінісі
бет49/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Қазақтың семиотикалық таңба түстері нені білдіреді? 
A)Бітім мен шешімді 
B)Әділетсіздік пен жаланы 
C)Шындық пен жаланы 
D)Бітім мен құн айыбын 
E)Әділдік пен шындықты 
2.Мәтіндегі нақыл сөз неге шақырады? 
A)Сыйлы болуға 
B)Қажырлы болуға 
C)Кешірімді болуға 
D)Білімді болуға 
E)Сабырлы болуға 
3.Дауды шешуде не басшылыққа алынған? 
A)Құқықтық мәдениеттің негізгі принципі 
B)Даудың шиеленісу деңгейі 
C)Жер, жесір, мал дауы 
D)Халықтың жөн-жоралғысы 
E)Ру мен тайпа арасындағы егес 
4.Мәтінге қатысты дұрыс тұжырымдар 
1.Төрелік айтушы адамға қажет біліктіліктер: шешендік пен тапқырлық. 
2.Қазақтың тұрмысында дау-жанжал жерге, жесірге, малға, құнға қатысты болған. 
3.«Жеті жарғы» жинағында дауды шешу батырларға жүктелген. 
A)Бірінші, екінші 
B)Екінші, үшінші 
C)Үшеуі де дұрыс 
D)Бірінші, үшінші 
E)Тек екінші дұрыс 
5.Айыпкер қалай жазаланған? 
A)Қылмысына қарай айыбын төлеген 
45


B)Қылмысын мойындату үшін ел алдында жазалаған 
C)Қылмысының ауырлығына қарай абақтыға қамалған 
D)Қылмысын қайталамау үшін елден қуылған 
E)Қылмысын жеңілдету үшін айыппұл төлеген 
6.Дауды шешу кімдерге жүктелген ? 
A)Екі тараптан тұратын жиынға 
B)Ру мен тайпаларға 
C)Билер мен ақсақалдарға 
D)Куәгер адамдарға 
E)Билік пен шешімге 
3.10-мәтін 
Астана және Адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және 
дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті 
Осынау қос ұғымның құстың қос қанатындай үндескеніне пәлендей таңданудың 
қажеті жоқ-ау. Қарт тарихтың кер жолына қайталай үңілсек, біздің дәуірімізге 
дейін де, одан бергі ғасырлар бедерінде де асыл бабаларымыз пенде атаулыны түр-
түсіне, діни сеніміне, мәдениетіне қарай бөлмепті. Және солай етем деушілерге 
көнбепті. Жазира жеріміздің төсінен дәстүрлі өз дінімізбен қатар, будданың да, 
православиенің де археологиялық артефактілерінің арагідік табылып жатуы соның 
бір көрінісі. Демек, адамзаттың бәрін «бауырым» деп кеудесіне қысқан кешегі 
әлемге өркениет жайған еңселі жұрт ұрпағының мынау зымыран дүниеде елдің 
алдына шығуы – табиғи да желісті дүние. 
2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер 
лидерлерінің съездері жалпы жарық дүниеге шапағатты сәулесін молынан 
түсіретін ғаламдық жиынға айналды. Мұндай бағаны беріп отырғандардың өзі – 
сол әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен ірі дінбасылары. Адамзаттық рухани-
адамгершілік құндылықтарды одан әрі нығайтуға, діндер мен мәдениеттер 
арасындағы өзара түсіністік пен келісімге деген қажеттіліктің бүгінгідей тіптен 
артып тұрған шағында Астанадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында Әлемдік 
және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің өтуі маңызы асқан шаруа дер едік. 
Оның жұмысына төрткүл дүниенің 42 елінен 80-нен астам делегациямен бірге 
небір атынан ат үркетін шетелдік және халықаралық ұйым өкілдерінің, оның 
ішінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының қатысуы да біздің 
қадірімізді арттыра түссе керек. 
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің 130-дан астам этнос пен 
40-қа тарта конфессия тату тіршілік етіп жатқан Қазақстанда өтуі тегіннен-тегін 
емес. Қазақстанда адамдар келісімде, бірлікте және әлеуметтік тұрақтылықта өмір 
сүріп жатыр. Бұл Қазақстанның өзіндік бір үлгіні қалыптастырғандығын 
дәлелдейді. Бұл – барлық қоғамға, барлық мемлекетке келе беретін әмбебап үлгі. 
Демек, көп ел Қазақстанның жолымен жүруі тиіс деп санаймын, – деген Буддистер 
қоғамдастығының Бас хатшысының айтуынша, барша ел әлемдегі зұлымдықты 
тоқтатуға бірлесе күш салуы тиіс. Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығы әлемдегі 
кейбір елдерде орын алып жатқан зорлық-зомбылықтарға, сенім мен мүдделердің 
қарама-қайшылығынан туындаған қақтығыстарға үлкен алаңдаушылық танытуда. 
Ендеше, бұл – нағыз бірлесе, топтаса әрекет ететін кезең. Себебі бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыла кіріспесек, әлемнен өзгерістерді 
күтуге болмайды. 
Дәстүрлі басқосуда сөз алған шешендер пікірлерінің түп төркіні, сайып келгенде, 
бейбітшілік пен ізгілік, кикілжің мен түсініспеушілікке душар болған тараптарды 
өзара 
үнқатысуға 
шақыруға, 
этностық, 
тілдік, 
діни 
және 
мәдени 
айырмашылықтарға қарамастан толеранттық тізгінін бекем ұстауға тоғысты. Бұл 
46


ретте, сөз жоқ, қазақ елінде қалыптасқан тұрақтылық пен келісімнің жарқын 
үлгісін, яғни адамдардың бір-бірімен бейбітшілікте және рухани келісімде ғұмыр 
кешуінің қазақстандық жолын темірқазық етіп ұстанамыз деп тарасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет