I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Мәтінді жазудағы автордың мақсаты қандай?



Pdf көрінісі
бет60/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтінді жазудағы автордың мақсаты қандай? 
A)Бронхит ауруы туралы мәлімет беру 
B)Қылмыс жасамау жолдарын меңгерту 
C)Тыныс жолдары ауруымен ауыратын адамдар туралы айту 
D)Жағымсыз иістен арылу жолдарын үйрету 
E)Салауатты өмір салтын қалыптастыру 
2.Темекінің адам ағзасына зиянын автор қалай жеткізеді? 
A)Өзінің бастан кешірген жағдайы негізінде 
B)Жігіттің әңгімесі арқылы 
C)Үгіт-насихат жұмыстары арқылы 
D)Адамдардың ауыр тұрмысы арқылы 
E)Ғылыми дәлелдемелер арқылы 
3.Мәтіндегі негізгі ой нешінші бөлімде берілген? 
A)Алтыншы 
B)Бесінші 
C)Төртінші 
D)Жетінші 
E)Үшінші 
4.Мәтіннің 6-бөлімі бойынша дұрыс нұсқа. 
58


1.Темекі салдарынан бронхитке шалдығу қаупі бар. 
2.Никотинге құмарлықты бақылауда ұстауға болады. 
3.Мінез-құлық өзгермейді. 
A)Бірінші мен үшіншісі дұрыс 
B)Үшеуі де дұрыс 
C)Үшеуі де бұрыс 
D)Екіншісі дұрыс 
E)Біріншісі дұрыс 
5.Мәтіндег
і
 негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Тұмау аяғы – құрт 
B)Жаман ауруға – жақсы ас 
C)Денсаулық – зор байлық 
D)Ауру кісі күлкі сүймес 
E)Ас – адамның арқауы 
6.Жігіт неге созылмалы өкпе ауруына шалдықты? 
A)Көңіл күйі болмағандықтан 
B)Шылым шеккендіктен 
C)Темекіні достарына үлестіргендіктен 
D)Никотин жетпегендіктен 
E)Денсаулығы нашар болғандықтан 
3.20-мәтін 
Фейсбук деген қызық қой. Әркім өз білгенін жазады. Жазғанына қарап өресін 
байқап отырасың. Өткенде бір қыз парақшасына қара қазанның суретін салып: 
«Фууу, қап-қара қазан, қалай тамақ ішеді екен жұрт!» деп жазып қойыпты. 
Қарап отырып қаным басыма шапқаны-ай! Осының алдында ғана тағы бір қыз 
ауылға барғанын, үйіліп тұрған тезекті көргенін айта келіп, «осымен адамдар еще 
тамақ пісіреді» деп қойып қалды. Тамырынан безген деген осы шығар. Қазанынан 
жиіркеніп, тезегінен безінгенін айтсаңшы?! Талай шаңырақтың жылуы болған, 
асыңды алдыңа әкелген осы тезектің құдіреті емес пе еді?! Қара қазан талай 
қазақты аштықтан аман алып қалды емес пе?! Аштықты айтпағанда, жаугершілік 
кезеңде талай қазақты қырып салғанда, қазан астына жасырынып қанша бала тірі 
қалып еді? Біз солардың ұрпақтары емес пе едік?! Енді бүгін ауылымызға газ келді 
екен деп кешегі күнімізді қалай тез ұмыта қалдық екен?! Біз тарихтан сабақ 
алуымыз керек, сонда ғана мықты ұлт боламыз. Сол себепті, қазан туралы әңгімені 
біраз қазбалауды ұйғардым. 
Жазда ауылға бардым. Барған сайын туған-туысты аралап, марқұмдарға зиярат ету 
– әдетім. Сонда байқағаным, ауылдағы көне зираттарда төңкерілген қазан жатады. 
Бірі – моланың ішінде, тағы бірі қабір шұңқыры үстінде. Әжем бұрын мәйіт 
басындағы төңкерілген қазан марқұмның артында тұяғы қалмады, оты өшті 
дегенді білдіреді дейтін. Иә, артында мирасқоры қалмаған соң, қара қазанын 
басына төңкеріп кетеді екен. Ата-әжелеріміздің «Қазанды төңкерме» деп 
ұрсатыны бекер емес екен. Бейіт басына төңкерілген қазан нені білдіреді? Бұл – 
өте үлкен зерттеуді қажет ететін мәселе. Сосын біздің кейбір аймақтарда қазан 
орнында шаңырақ төңкеретіндер де бар. Оның да мағынасы осындай - марқұмның 
шаңырағы күйреді, артында мирасқоры қалмады дегенді білдіреді. Қазақ не айтса 
да, қалт айтпаған екен. Бүкіл ырым-тыйымдардың астарына мұқият мән берсең, 
дүниедегі бар қауіптен сақтандырып кеткенін байқайсың. 
Рас, қазақтың қазанға қатысты ырымдары көп. Қазақ қызға ешқашан қазан 
бермеген. Қайтыс болған адамның моласы бұзылса, түске кіріп мазаласа, басына 
қазан апарып қойған. Сол сияқты, қайтқан кісінің соңынан тұқымдары ауру-
сырқаусыз, белгісіз себептермен кете берсе, құран оқытып, басына қазан 
төңкерткен. Біздің елде қазанға қатысты тағы бір ырым бар. Суға батып кеткен 
59


адамды қазан арқылы табады. Адам суға кетсе, үйіндегі қазанын төңкеріп суға 
жібереді. Мына ғажапты қараңызшы, әлгі қазан адам батқан жерді айнала жүзіп 
тұрады. Бала кезде мұндайдың талайын көріп, таңғалғанбыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет