қылығының болашақтағы зардабы туралы кім ойланып жатады?
2.Олар тек шылым шеккен, ішімдік ішкен адамның ғана емес,
басқалардың да
өміріне зиян тигізеді. Біздің өміріміздің қай саласын болсын – жұмыс, демалыс,
отбасылық қарым-қатынас жайын алайық – алкоголь етек алған жерде, адам үшін
ең қымбатты және ең қасиетінің барлық жағына: экономикаға да, тұрмысқа да,
адамдардың адамдық бейнесі мен сана-сезіміне де жағымсыз әсер етеді. Зиянды
заттар адамды адамдық кейпінен айырып,
тұқым әулетін кемтар етеді, өздерін
қылмысқа итермелейді.
3.Зиянды әдеттер денсаулығың мен жұмыс қабілетіңді ғана емес, сұлулығың мен
бақытыңды да жойып жібере алады.
4.Саған бақыт пен жұмысқа деген қабілеттілікті темекі мен шарап сияқты заттарға
тәуелді етіп қоюға бола ма деген ой келуі мүмкін. Олар бақыт туралы арманның
іске асуына қалайша бөгет бола алмақ?!
5.Қорытынды жасауға асықпа. Зиянды әрекеттердің адам ағзасына тигізетін
кесапатын ғылыми түрде баяндамай-ақ, төмендегі мысалдан армандар мен
тағдырлардың оп-оңай күйреп, күл-талқан болатынын көруге болады.
6.«Мен
созылмалы бронхитпен ауырдым, ота жасаттым – деп әңгімеледі жас
бозбала. Басым ауыратын болды, аузымнан шыққан жаман иіске айналадағы
адамдар да назар аударатын, содан өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Менің мінезім де
бұзыла бастады: таңертеңгілік, жанымда
темекі болмай қалған кезде, мені
көңілсіздік басып, ашу қысатын, үйдегілермен немесе жолдастарыммен бірге
болған кезде ұрынарға қара таппай, өзімнен-өзім іштей «жарылып кететіндей»
күйге енетінмін. Ақырында мойындауым керек,
шылымым мен ақшам таусылып
қалған кезде, мен көшеде балшықта жатқан шылым тұқылын алып, түбіне дейін
құныға тартып тастайтын болдым. Оның үстіне никотин жетпей қалған кездерде,
қоқыс салынған шелекті қопарып, оған бұрын тасталған шылым тұқылын іздеу
мен үшін түкке тұрмайтын... »
7.Сенің арманыңның қаһарманы – артист, спортшы
немесе ұшқыштың старт
алдында өзінің еркі мен мүмкіндігін жұмылдыратыны сияқты, сен де мәре
алдында тұрасың. Оны барынша жан-жақты, адамдық қасиеттермен қарсы алуың
керек. Саған әр кез мықты ерік-жігерің, нұрлы ақыл,
ыстық қайратың мен
салауатты өмірге деген құлшынысың ақылшы болатынына сенеміз.
kb.amu.kz
Достарыңызбен бөлісу: