бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған туристік фирманың
бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға келді. Ол Абай даңғылының
бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп.
Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген
туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп
қиналмастан өзі іздеген фирманың кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс
орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. Бұл туристік фирма да
қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма
қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет
көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол Ерсінді
қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық
мәлімет берді.
III.Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен
Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді.
Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер.
Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы
ормандары көрген адамды таңдандырады. Бурабайға баратын жол орманның
арасынан өтеді. Жолдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы
ормандар, күміс күлкісімен сылдырлап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын
алады. Бурабай – минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ.
«Жұлдыз» журналы
Достарыңызбен бөлісу: