I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет58/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Жүзжасар қарттың кәсібі 
A)Күрішші 
B)Наубайшы 
C)Егінші 
D)Бағбан 
E)Жылқышы 
2.Автордың айтуы бойынша атасының қалдырған мұрасы 
A)Өзі туралы естелік 
B)Сөзі мен ісі 
C)Жер телімі 
D)Құнды қағаздар 
E)Жиған дүниесі 
3.Жүзжасар атасы үшін кетпеннің орны қандай? 
A)Шерханның сыйы 
B)Жер қазатын құралы 
C)Тері сіңген алақанының көзі 
D)Негізгі еңбек құралы 
E)Әкесінен қалған мұра 
4.Автордың әңгімені «Алтын жалды арманым» деп атауының себебі қандай? 
A)Тәңірханның мінезін алтынға балауы 
B)Тәңірханның түсінде алтын тауып алуы 
C)Аттың жалының алтын түстес болуы 
D)Тәңірханның арманымен байланысы 
E)Құлын жүгенінің алтыннан жасалуы 
5.Тәңірханның алғашқы түсі қандай оқиғамен тұспа-тұс келді? 
A)Кетпенді алып кеткен күнмен 
B)Кетпенін жоғалтып алуымен 
C)Шерханның Алматыдағы оқуға кетуімен 
D)Шерханның хабарсыз кетуімен 
E)Обком хатшысының үйге келуімен 
6.Тәңірханның екінші түсі туралы ешкімге сыр шашпауының себебі неде? 
A)Орындалмай қалады деп қорқуынан 
B)Түсін жоритын адам таба алмады 
C)Ырымға, наным-сенімге сенгендіктен 
D)Ғалымдардың пікіріне сенгендіктен 
E)Атасының айтқан өсиетін орындады 
3.18-мәтін 
I.Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік-қоғамдық өмірінде 
ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен 
экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай-ақ, сыртқы 
сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы 
секілді мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм 
саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм 
бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы 
дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды. 
II.Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар 
жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар 
жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол 
достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік 
сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік 
56


бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған туристік фирманың 
бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға келді. Ол Абай даңғылының 
бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп. 
Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген 
туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп 
қиналмастан өзі іздеген фирманың кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс 
орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. Бұл туристік фирма да 
қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма 
қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет 
көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол Ерсінді 
қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық 
мәлімет берді. 
III.Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен 
Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді. 
Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер. 
Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы 
ормандары көрген адамды таңдандырады. Бурабайға баратын жол орманның 
арасынан өтеді. Жолдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы 
ормандар, күміс күлкісімен сылдырлап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын 
алады. Бурабай – минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ. 
«Жұлдыз» журналы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет