E)Ерденге реніш білдіргені
3.16-мәтін
Шоқанның Достоевский досына жазған хаты
Қымбатты достым, Федор Михайлович!
1....Бұған дейін хат жазбауымның түрлі себептері болды, оның бәрін қазір
түсіндіріп көрейін. Біріншіден, қазан айында Петерборға барам ба деп межелеген
едім. Алайда сырқаттанып қалғаннан кейін ол ниетті желтоқсанға дейін шегердім.
Одан денсаулығым желтоқсанда да
оңала қоймағаннан кейін, Сібірдің
дәрігерлерінің кеңесіне құлақ асып, қысты ауылда өткізуді ұйғарғанмын. Бұған
қоса өне бойы Петерборда тұруға денсаулығымның көтермейтініне өзімнің де
көзім жетті.
Сондықтан, Қашқардан консулдық орын алуды ойластырып жүрмін.
Болмаса отставкаға шығамын да, сайлау бойынша өзіміздің елде қызмет етемін.
Қашқардың ауа райы денсаулығыма жағар ма еді деп те ойлаймын. Оның сәті
түспесе өзіміздің өлкеде жүрсем де жаман болмас еді. Шаруашылықпен, саудамен
айналысамын, ал сайлаудан өтсем, адал шенеунік ретінде өз туған-туыстарыма
сауатсыз да дөрекі сұлтандарға қарағанда едәуір пайдам тиер еді.
2.Сөйтіп
жыл аралатып Петерборға барып, айлап жатып, достармен қауышып,
жаңа кітаптар алып, жаңаша ойлармен қаруланып, елге,
өзіміздің қазақтарға
қайтамыз! Сөйтсек жаман болмас еді, ә, достым Федя?! Қалай ойлайсың?
Денсаулығым жақсарса, мұның бәрі мүмкін нәрсе. Рас, қазір хал-ахуалым жаман
емес. Әйтсе де әлі де болса толықтай айығып кеттім дей алмаймын.
3.Сонымен елде қыстап шықпақшымын, қымызбен емделуді аяғына дейін жеткізу
үшін жазды да ауылда өткіземін. Ал күзге қарай тірі болсам, Петерборға да
жетермін. Сөйтіп сені жан дауысың шыққанша қатты қысып құшармын. Біздің боз
даланың
аздап көңілсіздеу екені рас, бауырым. Дегенмен, түк істемей керіліп
жатуыңа қолайлы-ақ! Ешкім бөгет жасамайды. Сібірдің сен танымайтын бір
білікті дәрігерінің ақыл-кеңесі бойынша,
қазір ештеңе жазбаймын, оқуды да
доғарғанмын, қысқасы, ой еңбегі дегеннен адамын – менің қазіргі «емімнің» түрі
осы. Мұндайда, әрине, іштің пысыңқырайтыны да жасырын емес. Бүркітпен,
мылтықпен, итпен аң қағу сияқты ермек түрлерімен шұғылдануға болар еді. Бірақ
бұған, сайтан алғыр, денсаулығым жарамайды. Жатасың да қоясың.
4.Енді саған аздаған өтінішімді айтайын. Жаңа айтқанымдай,
менде оқитын
ештеңе жоқ. Сол себептен «Времяны» салуыңды өтінемін. Соңынан есеп айырыса
жатамыз ғой. Егер қаржың көтерсе мен үшін «Современникке» жазыл. Менің
мекен-жайым: Батыс Сібірдегі Петропавл арқылы Көкшетау станицасы.
Ұмытпа. Маған фотосуретіңді сал. Сол сияқты Майков, Полонский, Крестовский
де суреттерін салуға уәде берген. Соларға да ескерте сал.
Мария Дмитриевнаға үлкен сәлем! Біз секілді пақырларыңызды ұмытпаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: