I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


«Домбыра Party»-ге жиналған халық өздерін қалай сезінді?



Pdf көрінісі
бет55/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

6.«Домбыра Party»-ге жиналған халық өздерін қалай сезінді? 
A)Шалғай жердегі ата жұртында болып қайтқандай сезінді 
B)Жиылған қауымға бауыр басып қалғандықтарын сезінді. 
C)Өздері де шетел әндерін орындай алатындай сезінді 
D)Нұрғиса ағайдың домбырасының үнін сағынғанын сезінді. 
E)Жиналған халықтың салғырттығын сезінді. 
3.15-мәтін 
1.Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, 
көңіл айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар 
тигеннен кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан 
жетінші күні жетіпті.Үйге кіріп, өлгенге – иман, тіріге – береке тілеп, бет сипасқан 
соң: 
– Уа, Ерден! – депті Досбол, – өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді 
жалмап-жұтса да, өмірінде тоймаған қара жердің талысы! Өткенге өкінбе, 
келмеске күйінбе, өлім деген – ұзын жолдың алысы. Туғаннан кейін барлық 
жанның қара жер емес пе барысы? 
2.Бұған да мызғымаған соң Шоқай малдас құрып отырған қалпынан ауысып, 
жүгіне қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай 
52


шаңқ етіп: 
– Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдіреттімін деп, мейманасың тасып 
кеткен екенсің кердең?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны 
мына Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді де, балаңды да алып қалуға 
әлің қане келген?! Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, 
ауырды нар көтереді! Ер емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да айтамын, 
басыңды көтер жерден?! 
3.Сонда Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін 
орамалымен сипап: 
– Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама, өлі артынан өлмек жоқ. 
Құрдымға мүрдең кеткен соң екі айналып келмек жоқ! Көтермесем басымды, 
көңілім өксік қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтарым едің санаулы! 
Көңілде қайғы, шемен шер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, 
өздеріңдей асыл ерлерді жараулы! – деп, құшақтаса көрісіпті. Досбол мен Шоқай 
үш-төрт күн болып, Ерденнің көңілін демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет