4.Бейбарыс Сұлтан өмірінің қай кезеңі жайлы мәліметтер аз?
A)Құлдықтағы өмірі жайлы
B)Әскери өнерді үйренуші жауынгер жайлы
C)Қайсар жауынгерлігі жайлы
D)Египет мемлекетінің негізін қалаушы жайлы
E)Балалық шағы жайлы
5.Бейбарыс Египетке кім ретінде келеді?
A)Египет билеушісі
B)Әскери өнерді үйренуші
C)Египет мемлекетінің негізін қалаушы
D)Бұндұқдәрі саудагердің құлы
E)Салиха мен Наджми сұлтандардың қолбасшысы
6.Мәтін мазмұнына қатысты дұрыс тұжырымдар
1.Құлдыққа сатылған бала билеуші дәрежесіне дейін көтеріледі
2.Бейбарыс Египеттің қайсар жауынгері болды
3.Бейбарыстың қарындасы туралы мәлімет бар
4.Бейбарыс өмірінің барлық кезеңдері туралы нақты ақпарат жеткілікті
A)1, 2, 3, 4
B)1, 2, 4
C)1, 2, 3
D)1, 3, 4
E)2, 3, 4
3.14-мәтін
«Домбыра Party» туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім.
Суреттер мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін
бұл жерден Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі
Лондонға келетінін және «Домбыра Party» ұйымдастыратынын жазып, осы жерде
жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Сондықтан мен де бұл мәселе қашан
шешіледі екен, нақты болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз
уақыт күттім. Кейін анық-қанығын білдік. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-
жаққа тараттық.
Әрине, басында Лондондағы «Домбыра Party»-ге аз адам келіп, ұят болып
қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің
көбісінің оқуы аяқталып, басым бөлігі елге оралған болатын. 6 шілде –
Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында
өткен шараға, абырой болғанда, қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана
қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де домбыраны қолға алып, өнерлерін
көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды.
Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ
бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы «Домбыра Party»
арқылы елден жырақта жүрген қазақтардың көбісі өздерін Қазақстанда болып
қайтқандай сезінген шығар. Себебі айтылған әндер, тартылған күйлер шын
мәнінде Қазақстанға деген сағынышымызды біршама басты деуге негіз бар.
Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін
арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін.
Ал мен өз кезегімде «Домбыра Party»-дің Лондонда жалғасын табуын қадағалап,
септігімізді тигізуге әзір екендігімізді баса айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: