1.Шоқан қызметін не себепті Қашқарға ауыстырғысы келді?
A)Зерттеулерін жалғастырғысы келеді
B)Қашқардың ауа райы денсаулығына жағады
C)Қашқарда оған жақсы қызмет ұсынып отыр
D)Адал шенеунік ретінде қызмет атқару үшін
E)Шаруашылықпен, саудамен айналысу үшін
2.Шоқанның хатынан оның қандай басты сезімін аңғаруға болады?
A)Қызметіне деген алаңдаушылығы
B)Білімге деген құштарлығы
C)Қызметіне деген қызығушылығы
D)Денсаулығына алаңдауы
E)Болашаққа деген сенімі
54
3.Шоқанның еліне деген қамқорлығы сөз болатын бөлім(-дер)
A)2
B)3
C)1
D)4
E)2,3
4.Төмендегі ойлардың қайсысы автордың ойымен ұштасып келеді?
A)Мың досың – аз, бір дұшпаның – көп.
B)Көңіл жетсе бәрі жетер.
C)Адамға адал дос табу қиын,
Көбіне дос етеді мал мен бұйым.
D)Досыңа достық – қарыз іс.
E)Бірінші байлық – денсаулық.
5.Шоқанның қызметтік мансабы туралы ойы қай бөлімде айтылған.
A)1
B)3
C)4
D)2
E)2,3
6.Шоқан жаз мезгілін неге ауылда өткізбекші?
A)Емін аяғына дейін жеткізу үшін
B)Сайлауға дайындалу үшін
C)Шаруашылықпен айналысу үшін
D)Жұмыстан демалу үшін
E)Саятшылықпен айналысу үшін
3.17-мәтін
«Алтын жалды арманым»
1.Тәңірхан осы жасқа жеткенше ұмытылмастай екі түс көрді. Алғашқы түсін
балалықтан арыла алмай жүрген шағында көрді. Түс дегеніміз – адам қиялының
мида бейнеленуі деп ғалымдар дәлелдесе, ауылдағы ғалым емес кемпір-шал: «бәрі
де көп ойлағаннан ғой» деп қорытады. Тәңірхан осы көрген түсін ешкімге
жорытқан жоқ, тек бір өзі ғана біледі, әр кез жанына серік етіп жүреді; кей кездері
сол көрген түстің алтын нұрына шомылып, жаны рахат күй кешеді. Осы түсін
ешкімге тіс жарып айтқан емес, айтса күші кетіп қалатындай көреді. «Түсті бір-ақ
рет айтады, сосын жақсыға жориды» деген еді Жүзжасар атасы, осы әулеттің ең
үлкені.
2.Атасы өмірден өтіп кетті, бірақ артында сөзі мен ісі қалды, ұстаған кетпені
мұражайда тұр. Өзі өмір бойына серік еткен кетпенді обком хатшысы Алматыға
мұражайға қоямыз деп сұрап келгенде, қатты қиналған, бере алмайтынын айтқан.
Бірақ обком хатшысы: «Маған республика басшысы тездетіңдер деді», – деп, өңі
біресе күреңітіп, біресе зорлықпен жымиып, шалдың алдынан кетпей тұрып алған:
«Өзімде тұра берсін де» деген диханға: «Жоқ, бүкіл республика көреді, шет елден
келгендер көреді», – деп, «мақұл» дегенін күтпестен, «Волга» машинасының
артқы қуысына ұзынынан сұлатып тастай салған. Қара кетпені – бала күннен бергі
серігінен – айырылған шал обком хатшысымен қоштаспай, үй артындағы жасыл
гүлі көз жауын алып жайқалған жоңышқалыққа қарай кете берген.
3.Тәңірхан алғашқы түсін Жүзжасар атасы кетпенінен айырылған күні көрді.
Атасы сол күні дастарқанға да кеш келіп, асқа да тәбеті шаппай көп қиналды.
Сосын Алматыда интернатта жатып оқитын Шерханға «барған бетте хат жазып
жібер, кетпен мұражайда тұр ма, жоқ па өз көзіңмен көріп қайт», – деді.
Шерханнан ұзамай хат келді, «ешқандай кетпен көрген жоқпын» болды мазмұны.
«Сірә, кешіктіріп жатқан болу керек» деп хаттың соңына қосып қойыпты.
Алақанының тері сіңген қайың сапты ойлағанда әулеттің үлкені – күріш егіп,
республикаға аты белгілі болған Жүзжасар шал іштей қатты өкініп, бірақ бұл жан
күйзелісін ешкімге сездіре қоймайды.
4.Түс көрген жері – дәл осы жер. Мынау дәу жармадағы қораның ішінде құлыны
алтын шапаққа малынып тұрды. Тұла бойы сап-сары боп төгіліп тұр, тұяқтары,
жүгені, арқасындағы ері – бәрі сап-сары алтын. Жер-дүние түгел сап-сары, қарасаң
көз қарығады. «Алтын деген осындай болады екен-ау, сары болады екен-ау».
55
Қолдан берген құлыны ауыл шетіне келіп тұрғанын айтуға үйге, атасына қарай
құстай ұшты. Бірақ, үйде атасы жоқ еді, бүкіл елді еңбегімен, қара күшімен аузына
қаратқан атасы, аты Жүзжасар болса да, жүзге бір ондық қалғанда дүниеден өткен.
Осыны біле тұра үйге қарай жүгіріп келеді. Жүгіріп келеді, бірақ түсін тыңдайтын
атасы жоқ.... Сол күйі көрген түсі айтылмай, жанына серік боп сақталып қалды.
Енді ешкімге айтпайды да...
Қ.Түменбай «Көз»
Достарыңызбен бөлісу: |