I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет59/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтіннің стилі қандай
A)Публицистикалық стиль 
B)Көркем әдеби стиль 
C)Ресми іс-қағаздар стилі 
D)Ауызекі сөйлеу стилі 
E)Ғылыми стиль 
2.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A)Мәтіндегі туристік фирма жұмысын мақтау 
B)Қазақстан экономикасының ілгерілеуін мақтан ету 
C)Табысты молайтудың жолдарын үйрету 
D)Фирма қызметкерлерінің мәдениеттілігін жеткізу 
E)Қазақстандағы демалыс орындарын насихаттау 
3.Туристік фирма жұмысының сапасын арттыру жолы. 
A)Өзге фирмалармен байланыспау 
B)Сыпайы қызметкер табу 
C)Әріптестік байланыс орнату 
D)Өзін-өзі жарнамалау 
E)Демалыс орындарын ұйымдастыру 
4.Елімізде ұжымдық саяхаттың неше түрі дамыған? 
A)Екі 
B)Бір 
C)Үш 
D)Бес 
E)Төрт 
5.Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A)Ой толғау 
B)Әңгіме 
C)Эссе 
D)Мақала 
E)Хикаят 
6.Ерсін еңбек демалысын қалай ұйымдастыруды жөн көрді? 
A)Отбасымен туристік сапарға шығу 
B)Отбасымен шет елге шығу 
C)М.Әуезов театрына бару 
D)Отбасымен қаланы аралау 
E)Отбасынсыз туристік сапарға шығу 
3.19-мәтін 
1.Темекі мен алкоголь бағзы заманнан-ақ денсаулық пен ақыл-есті тонаушылар 
деп бекер айтылмаған. Бірақ, жас кезінде салауатты өмір шырқын бұзған қай 
57


қылығының болашақтағы зардабы туралы кім ойланып жатады? 
2.Олар тек шылым шеккен, ішімдік ішкен адамның ғана емес, басқалардың да 
өміріне зиян тигізеді. Біздің өміріміздің қай саласын болсын – жұмыс, демалыс, 
отбасылық қарым-қатынас жайын алайық – алкоголь етек алған жерде, адам үшін 
ең қымбатты және ең қасиетінің барлық жағына: экономикаға да, тұрмысқа да, 
адамдардың адамдық бейнесі мен сана-сезіміне де жағымсыз әсер етеді. Зиянды 
заттар адамды адамдық кейпінен айырып, тұқым әулетін кемтар етеді, өздерін 
қылмысқа итермелейді. 
3.Зиянды әдеттер денсаулығың мен жұмыс қабілетіңді ғана емес, сұлулығың мен 
бақытыңды да жойып жібере алады. 
4.Саған бақыт пен жұмысқа деген қабілеттілікті темекі мен шарап сияқты заттарға 
тәуелді етіп қоюға бола ма деген ой келуі мүмкін. Олар бақыт туралы арманның 
іске асуына қалайша бөгет бола алмақ?! 
5.Қорытынды жасауға асықпа. Зиянды әрекеттердің адам ағзасына тигізетін 
кесапатын ғылыми түрде баяндамай-ақ, төмендегі мысалдан армандар мен 
тағдырлардың оп-оңай күйреп, күл-талқан болатынын көруге болады. 
6.«Мен созылмалы бронхитпен ауырдым, ота жасаттым – деп әңгімеледі жас 
бозбала. Басым ауыратын болды, аузымнан шыққан жаман иіске айналадағы 
адамдар да назар аударатын, содан өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Менің мінезім де 
бұзыла бастады: таңертеңгілік, жанымда темекі болмай қалған кезде, мені 
көңілсіздік басып, ашу қысатын, үйдегілермен немесе жолдастарыммен бірге 
болған кезде ұрынарға қара таппай, өзімнен-өзім іштей «жарылып кететіндей» 
күйге енетінмін. Ақырында мойындауым керек, шылымым мен ақшам таусылып 
қалған кезде, мен көшеде балшықта жатқан шылым тұқылын алып, түбіне дейін 
құныға тартып тастайтын болдым. Оның үстіне никотин жетпей қалған кездерде, 
қоқыс салынған шелекті қопарып, оған бұрын тасталған шылым тұқылын іздеу 
мен үшін түкке тұрмайтын... » 
7.Сенің арманыңның қаһарманы – артист, спортшы немесе ұшқыштың старт 
алдында өзінің еркі мен мүмкіндігін жұмылдыратыны сияқты, сен де мәре 
алдында тұрасың. Оны барынша жан-жақты, адамдық қасиеттермен қарсы алуың 
керек. Саған әр кез мықты ерік-жігерің, нұрлы ақыл, ыстық қайратың мен 
салауатты өмірге деген құлшынысың ақылшы болатынына сенеміз. 
kb.amu.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет