I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Ерденнің сарғайып, сартөсек болып жатып алуының себебі



Pdf көрінісі
бет56/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Ерденнің сарғайып, сартөсек болып жатып алуының себебі 
A)Жайсыз хабар алады. 
B)Жалғыз баласының қайғысы тұралатып тастайды. 
C)Ел басына түскен қайғы қабырғасын қайыстырды. 
D)Аяқ астынан суықтап қалады. 
E)Ел ағалары Досбол мен Шоқайды күтіп жатады. 
2.Мәтіннің мазмұнын түйіндейтін мақал-мәтел 
A)Анасын танымаған, Алласын танымас. 
B)Ақылдының алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр. 
C)Жақсыға барлығы да жақсы. 
D)Кәрісі кімнің бар болса, Хаты соның қолында. 
E)Қайғы – бөліссе азаяды, 
Қуаныш – бөліссе, көбейеді. 
3.Мәтінде көрінетін кейіпкерлердің бір-біріне деген ерекше сезімі 
A)Сабырлылық 
B)Батылдық 
C)Сүйіну 
D)Туыстық 
E)Бауырмалдық 
4.Досбол мен Шоқайдың Ерденге келуінің себебі 
A)Ас беру үшін 
B)Көңіл айтып, қайғысын бөлісу үшін. 
C)Ерденнің ағайындары болғандықтан. 
D)Жақын ауылдас болғандықтан. 
E)Денсаулығын сұрау үшін 
5.Қайғылы Ерденнің төсегінен бас көтеруінің себебі 
A)Ел ағаларының алдында жатып алуға ұялғандығынан. 
B)Досбол мен Шоқайға жоқтау айтып, көрісу үшін. 
C)Бас көтермесем, дұрыс болмас деген ішкі ойынан. 
D)Мәңгілік өмір жоқ екендігін өздігінен түсінді. 
E)Досбол мен Шоқай айтқан тоқтау сөздің құдіреттілігі. 
6.Мәтіндегі Шоқайдың: «Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер 
көтереді, ауырды нар көтереді» – деген сөзінің мәнісі 
A)Ерденді ер мен нарға балап айтқан басу сөзі. 
B)Ерденнің баласын бірге жоқтасқан сөзі. 
C)Ерденнің намысын қайрайтын сөз 
D)Досболды қостаған өзінің сөзі. 
53


E)Ерденге реніш білдіргені 
3.16-мәтін 
Шоқанның Достоевский досына жазған хаты 
Қымбатты достым, Федор Михайлович! 
1....Бұған дейін хат жазбауымның түрлі себептері болды, оның бәрін қазір 
түсіндіріп көрейін. Біріншіден, қазан айында Петерборға барам ба деп межелеген 
едім. Алайда сырқаттанып қалғаннан кейін ол ниетті желтоқсанға дейін шегердім. 
Одан денсаулығым желтоқсанда да оңала қоймағаннан кейін, Сібірдің 
дәрігерлерінің кеңесіне құлақ асып, қысты ауылда өткізуді ұйғарғанмын. Бұған 
қоса өне бойы Петерборда тұруға денсаулығымның көтермейтініне өзімнің де 
көзім жетті. Сондықтан, Қашқардан консулдық орын алуды ойластырып жүрмін. 
Болмаса отставкаға шығамын да, сайлау бойынша өзіміздің елде қызмет етемін. 
Қашқардың ауа райы денсаулығыма жағар ма еді деп те ойлаймын. Оның сәті 
түспесе өзіміздің өлкеде жүрсем де жаман болмас еді. Шаруашылықпен, саудамен 
айналысамын, ал сайлаудан өтсем, адал шенеунік ретінде өз туған-туыстарыма 
сауатсыз да дөрекі сұлтандарға қарағанда едәуір пайдам тиер еді. 
2.Сөйтіп жыл аралатып Петерборға барып, айлап жатып, достармен қауышып, 
жаңа кітаптар алып, жаңаша ойлармен қаруланып, елге, өзіміздің қазақтарға 
қайтамыз! Сөйтсек жаман болмас еді, ә, достым Федя?! Қалай ойлайсың? 
Денсаулығым жақсарса, мұның бәрі мүмкін нәрсе. Рас, қазір хал-ахуалым жаман 
емес. Әйтсе де әлі де болса толықтай айығып кеттім дей алмаймын. 
3.Сонымен елде қыстап шықпақшымын, қымызбен емделуді аяғына дейін жеткізу 
үшін жазды да ауылда өткіземін. Ал күзге қарай тірі болсам, Петерборға да 
жетермін. Сөйтіп сені жан дауысың шыққанша қатты қысып құшармын. Біздің боз 
даланың аздап көңілсіздеу екені рас, бауырым. Дегенмен, түк істемей керіліп 
жатуыңа қолайлы-ақ! Ешкім бөгет жасамайды. Сібірдің сен танымайтын бір 
білікті дәрігерінің ақыл-кеңесі бойынша, қазір ештеңе жазбаймын, оқуды да 
доғарғанмын, қысқасы, ой еңбегі дегеннен адамын – менің қазіргі «емімнің» түрі 
осы. Мұндайда, әрине, іштің пысыңқырайтыны да жасырын емес. Бүркітпен, 
мылтықпен, итпен аң қағу сияқты ермек түрлерімен шұғылдануға болар еді. Бірақ 
бұған, сайтан алғыр, денсаулығым жарамайды. Жатасың да қоясың. 
4.Енді саған аздаған өтінішімді айтайын. Жаңа айтқанымдай, менде оқитын 
ештеңе жоқ. Сол себептен «Времяны» салуыңды өтінемін. Соңынан есеп айырыса 
жатамыз ғой. Егер қаржың көтерсе мен үшін «Современникке» жазыл. Менің 
мекен-жайым: Батыс Сібірдегі Петропавл арқылы Көкшетау станицасы. 
Ұмытпа. Маған фотосуретіңді сал. Сол сияқты Майков, Полонский, Крестовский 
де суреттерін салуға уәде берген. Соларға да ескерте сал. 
Мария Дмитриевнаға үлкен сәлем! Біз секілді пақырларыңызды ұмытпаңыздар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет