I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет62/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтіннің стилі қандай
A)Ресми іс-қағаздар 
B)Ғылыми 
C)Көркем әдебиет 
D)Ғылыми-көпшілік 
E)Ауызекі сөйлеу 
2.1 тәуліктің қанша уақытын суды көтеруге арнаса, қол ауыра бастайды? 
A)Үштен бірін 
B)Он екіден бірін 
C)Сегізден бірін 
D)Алтыдан бірін 
E)Төрттен бірін 
3.Профессордың екінші сұрағы неге байланысты қойылды? 
A)Мөлшерге 
B)Салмаққа 
C)Уақытқа 
D)Көлемге 
E)Межеге 
4.Профессордың қолындағы ыдыс, ол - 
A)Пайда 
B)Қиындық 
C)Өмір 
D)Шешім 
E)Жауап 
5.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A)Қиындықтан алшақ жүруге үйрету 
B)Шыдамдылыққа шақыру 
C)Тапқыр бола білуге шақыру 
D)Білімге күш тарлығын ояту 
E)Ауыртпалықты жеңе білуге шақыру 
6.Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A)Эссе 
B)Әңгіме 
C)Мақала 
D)Хикаят 
E)Ой толғау 
3.22-мәтін 
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді. Күзгі жеміс 
жинау кезеңі әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері болатын. Мәуе төккен күзгі 
ағаштар түбінде асығыс-үсігіс жеміс жинап жатқан балаларға мейірлене ұзақ 
қарап, іштей елжіреп, нұрланып, рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып 
61


кететін еді. Маған әкем өзінің өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, 
яғни адамдардың өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап 
жүргендей боп көрінетін. 
Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен санарлықтай ғана еді. 
Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің пеші яки тандыры бұзылып қалса 
да, есік-терезесі қирап немесе құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып 
әкететін. Өз үйіміздегі қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек 
сұрап келгендерге «жоқ» демейтін. 
Түн ортасы болса да орнынан тұратын да әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, 
үн-түнсіз үйден шығып кете беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген 
емеспін. Ең бастысы әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын да алмайтын. 
«Еңбегіңіз ғой, алыңыз» деп қоймайтын кісілерге қатты ренжіп, кейде кейіп 
тастайтын. Әкемнің осы мінезін жақсы білетін ауылдастары мұндайда: «Бізден 
қайтпаса, құдайдан қайтсын» дегеннен басқа сөз айтпайтын. Әкем осы бір ауыз 
сөздің өзіне қатты риза болып қалатын. 
Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір қалған бір көп 
балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл сол күні көрші ауылда 
тұратын ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам сол жолы әкемізге зіл тастап 
сөйледі: 
– Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда, өзгенің шатырын жамап-жасқап 
жүргеніңіз қалай? – деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта қарқылдап күліп алды да, 
ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап берді: 
– Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі үшін жайылып 
жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ? 
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол керек» 
дегендей маған күлімсірей қарады. 
Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасын ғана емес, бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» 
деп аталатын пәннен мықтан дәріс берін кеткен екен. Бүгінгі қиын-қыстау 
кезеңнің өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып, жең ұшынан жалғасып келеді. 
Қартайып қалған көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін 
салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет