5.Кейіпкердің әкесінің іс-әрекеттерін кім қолдамайтын?
A)Көршілері
B)Шешесі
C)Ауыл адамдары
D)Жеңгесі
E)Ағасы
6.Автордың «әкем өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүрген екен» деу себебі
A)Әкесі сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамы болған
B)Алдымен өз қамын, кейін жұрт қамын ойлаған
C)Әкесі тек өз үйінің қамын ойлаған
D)Әкесі өзінен гөрі басқалардың қамын көбірек ойлаған
E)Әкесінің мінезі ауыр болған
3.23-мәтін
Қызылорда қаласының “Халық” газеті өзінің оқырмандарының арасында
сауалнама жүргізген болатын. Сіздерге сауалнамаға қатысқан респонденттердің
ойымен танысу үшін келесі мәтін ұсынылады.
Раушан, архитектор: Қобыз кейпіндегі көпір
Бізге қобыз бейнесіндегі көпір жасауға болады. Ол қаланың қос бөлігін
байланыстырып, шаһарға ерекше көрік беріп тұрар еді. Мұнда келетін
демалушылар саны да үзілмейтін болады. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы
нысан, яғни, ерекше назар аудартатын көпір болмақ. Енді бұл ұсынысты облыс
әкімінің назарына ұсынсам ба деп отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарында
қолдау тапса, тіпті жақсы.
Сәкен, журналист:Қымызханалар
Бізге ұрпақ саулығы керек. Қалада ашылатын әр қоғамдық орынның барынша
пайдалы болуын ойластыру керек деп ойлаймын. Айталық, қымыз қырық аурудың
алдын алады екен. Салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шараларының бірі
ретінде қымызханалар ашуды ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана қандай болу
керек деген сауал туады. Ол заман талабына сай кафе типтес болу керек. Мұны аз
десеңіз, ішіне жалт-жұлт еткен шамдар жақсын, әйтеуір елді өзіне тартсын. Сол
арқылы ауылшаруашылығы өнімін өткізсін. Ондай жерлерде терме, түрлі аңыз-
әңгімелер айтылып тұрса, нұр үстіне нұр. Қазір қоғам соған сусап отыр. Ең
бастысы, денсаулық пен ауылшаруашылығының дамуына үлес қосатын, рухани
күшейтетін дүние – осы демалыс орындары.
Динара, қала тұрғыны:Кемпинг
Ашық аспан астындағы спорттық ойын алаңдары салынса жақсы болар еді. Халық
сондай орындарға зәру. Бұл бір жағынан бұқаралық спортты дамытуға сеп болса,
екіншіден, бос уақытты өткізетін керемет орын болар еді. Содан соң қала
сыртында демалыс орындарын көбейткен дұрыс. Мәселен, кемпинг
(автотуристтерге арналған демалыс орны) түріндегі орындар бой көтергенін
қолдаймын.
Достарыңызбен бөлісу: