I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың


Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы



Pdf көрінісі
бет44/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1.Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы 
A)Сүтті көп беретін болған. 
B)Еті түрлі сырқатқа ем. 
C)Жарғағына жазу жазатын болған. 
D)Жер талғамайтын мал. 
E)Өсімтал мал болған. 
2.Отырардың батыс жақ қақпасынан қатынайтын керуен 
A)Араб 
B)Саха 
C)Қытай 
D)Орыс 
E)Башқұрт 
3.Мәтін бойынша керуен тізбектерінің келу себебі 
A)Тауарларын сатуға келеді. 
B)Жиын өткізуге келеді. 
C)Сирек кездесетін құмыралар әкеледі. 
D)Саяхаттауға келеді. 
E)Жорыққа дайындалуға келеді. 
4.Шыңғысхан әскерінің кітапханаға қатысы 
A)Кітаптарды жер астына тығуға көмектесті. 
B)Өртеніп жатқан кітапхананы аман алып қалды. 
C)Қолжазба жұмыстарын іздеуге септігін тигізді. 
D)Саяхатшылардың көп келуіне ықпал етті. 
E)Күл-талқан етіп жағып жіберді. 
5.Мәтін бойынша бабалар аманатын бізге жеткізу тәсілдерінің бірі 
A)Өлең түрінде жазып қалдырған. 
B)Таспаға жазып қалдырған. 
C)Қышқа ойып жазып қалдырған. 
D)Том-том кітаптар жазып қалдырған. 
E)Папирус жапырағына жазып 
қалдырған. 
6.Отырар кітапханасының құндылығы 
A)Ойшылдар барлық кітаптарды алып оқыған. 
B)Көріпкелдер кітап алып оқитын болған. 
C)Кітапханадан кітап алып оқығандар ғұлама болған. 
D)Сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан. 
E)Кітаптарды оқығандар ойлы сөздер қалдырған. 
3.6-мәтін 
Жаз шыға бәріміз (әпкелерімді айтамын) апам есіп берген жіпті алып, тоғайға 
отынға аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда апам, содан кейін 
құндыздай шулаған біздер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті 
40


де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым 
мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында. Бақша, шұрқыраған қаз, тауық, екі сиыр 
мен ұсақ малымыз бар еді. 
Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-
қарындастарын асыраған апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы 
еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, олар апамның төркінінен ала 
келген аса қымбат заттары болатын. Кейде қазіргідей қараша туа темір пешке отты 
маздатып жағып тастап, пештің жыртығынан саулаған жарық түсіп, ала 
көлеңкеленген қоңыр үйде отырып апамның әңгімесін тыңдайтынбыз. Тегінде, ол 
кісі әңгімеге сараң, көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ
инабатты, жуас адам еді. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не 
болмаса тірі пенденің бетіне "әй, сен сондайсың" деп қарамаған, тірі пендеге тілі 
тимеген, ораза-намазы бұзылмаған, таза да тәкаппар әйел еді. 
Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қолөнер 
институтын немесе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он 
саусағынан өнер тамған ұрпақ дайындап шығарар еді. Иә, ол кісі кезінде ешкім 
елеп-ескермеген, алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта осыншалық мықты, 
осыншалық ақылды әйелдер болғаны қандай жақсы?! Бірақ біздер, жиырмасыншы 
ғасырдың азаматтары, көп ретте осындай асылымызды байқамай айналып өтеміз. 
Айырылып қалған соң ғана сан соға өкінер едік. Өзгені қойып, мықтымсып жүрген 
мына менің өзім сол апам бар кезде неге ғана барлығын: киіз басып, үй тігуді, 
арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді
саба, сүйретпе, торсық істеуді тәптіштеп жазып алмағанмын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет