I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет87/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

4.13-мәтін 
I.Той өтіп, жұрт тарағаннан кейін де Есеней аулы қонақбасты болып қала берді. 
Керей-Уақ тойға да келіпті, дау-шарын да ала келіпті. Қолдарына көп түсе 
бермейтін аға бидің ауылына неше жылғы сүр болған даулар, өтірігі мен шындығы 
енді есейе бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. 
II.Есеней күні бойы даушылардың ортасында. Өз үйінде де, қыр басында да 
солардың қоршауында отырады. Дауды созбай шешеді. Екі жақтан екі-екі адамнан 
сөйлетеді де, кесімін айтады. Көлденеңнен қыстырылып, біреудің аузына сөз 
салған адамды жазалай отырады: кесімінің төрттен бірін соған төлетеді. Куә 
дегенге сенбейді, қуып тастайды. Ұрының куәсі көп, өтірік даудың куәсі көп, 
зорлықшының куәсі көп. Бұл оның бұлжытпай ұстайтын дәстүрі. Дау-шар сонда 
да бір жетіге созылып кетті. 
III.Бұл күндерде Ұлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы күзеліп 
жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді. 
– Қарағым-ай, төрт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса бір-екеуіне 
күпі тігіп беретін жабағы берші. 
– Ала қой, шеше... Төртеуіне де жететін етіп ал... 
Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан соң екі 
кемпір, екі жастау әйел, одан соң үш кемпір, үш жастау әйел, одан соң, одан соң, 
одан соң...келе берді, көбейе берді, келе берді... 
Жабағы сұрайды, қыл сұрайды, сүт сұрайды, ұн сұрайды, киіз сұрайды, шай 
сұрайды, бөрікке тыстық, көйлекке түйме сұрайды, жайлауға көшетін көлік 
сұрайды... Ұлпан ешкімнің қолын қайтармай бере берді. Мырза келін атанғысы 
келіп берген жоқ, әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей намыстанып үлестірді. 
IV.Таң ертемен келе бастаған сұраншақ әйелдер мен балалар түс ауа әрең аяқсыды. 
Ұлпан отауына кіре бере жылап жіберді. Күні бойы әлдене алқымына тіреле беріп 
еді, ол көздің жасы екен – ағылды-кетті, ағылды-кетті, кете берді, кете берді. Төр 
алдында жатқан жастыққа құлай кетіп жылап еді, не айтып жылағанын сол жастық 
қана естіді. Әрбір жастай қартайған әйел, әрбір көзі іріңдеген қыз бала көзі мен 
көңіліне қайта оралған сайын, өксіп-өксіп жылады. 
Тойдан да, даушылардан да, сұраншылардан да Ұлпан әбден қалжырап қалған еді. 
Бұл оның үйренбеген, кездесермін деп ойламаған күндері еді. Біресе, 
сұраншақтардың осынша көптігіне ыза болып, Есенейдің бар байлығын таратып 
бергісі келеді, біресе, Керей-Уақтың осынша даукестігіне ыза болып, даушыларды 
қудырып тастағысы келеді. Ақылды болса да «ақыл азуы» деп аталатын даналық 
азуы әлі шықпаған жас әйел көзі үйренбегенге көндіге алмай жүр. 
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет