жасырынам деп талпынған титімдей құс қанатын қайырып алса керек, бейкүнә
кейіппен қыздан кері шегініп, аянышты шыр-шыр етеді. Катерина құсты көтеріп
алып, үйіне алып
келді де, оны емдей бастады.
IV.Таңертең ерте тұрған бойда, терезеден сыртқа үңілген. Күн әлі көтерілмесе де,
таң оған ерекше жайдары көрінді. Катя өзіне таңғы ас әзірлеп, ішіп алды да, далаға
шықты,
сол бетімен өзен бойын жағалап, өз ойымен тілдесіп, біршама уақыт
серуендеп жүрді. Үйге қайтып оралғанда, құс орнында болмай шықты. Катя мұны
«жақсы белгі» деп түсінді. Бойжеткен құстың орнында өзінің сүйіктісі Алексей
деп түсінді.
Негеекені белгісіз, жаны жайланып жеңілдеп қалды, себебі ол
Алексейдің тірі екеніне сенді.
V.Осылай бірнеше ай өтті. Бір күні күндіз көшеге шыққан ол Алексейді көріп
қалды.
Алғашында бұл Алексей емес, оның елесі сияқты болып көрінді, бірақ
оның құшақтағаны мен сүйгенін сезінгенде, өзін шексіз бақытты жан деп сезініп,
көзіне келген жасын тыя алмады. Алексей оған ұрыс алаңында не болғанын айта
бастады. Сондағы болған бір оқиға Катя құтқарған құстың тағдырын дәлме-дәл
қайталаған іспетті еді. Уақыт өте жылдам өтіп кетті, олар кештің қалай болғанын
да сезбей қалды. Катя мен Алексей түні бойы әңгімелесті.
VI.Әрине, адамдардың тағдыры әрқилы. Егер,
Катя әлгі құсты құтқармағанда,
оқиға басқаша құралар ма еді, кім білсін?! Бірақ, қыздың бақытына орай, тағдыр
оған тосын сый жасады. Алексей мен Катерина бақытты өмір сүрді, ал олардың
махаббаттары бұрынғыдан да берік бола түсті.
Достарыңызбен бөлісу: