3.Елімізде ЭКСПО-2017-ні өткізу Парижде 2014 жылы Халықаралық Көрмелер
Бюросы атқарушы комитетінің отырысында мақұлданған. Астана қаласымен қатар
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленуге бельгиялық Льеж қаласы да
үміттенген болатын. Өз өтінімінде Бельгия «Адамдарды біріктіру» тақырыбын
ұсынды.
4.«Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» халықаралық
мамандандырылған көрме Астанада 2017 жылдың
жаз мезгілінің басында
басталды. Көрме шеңберінде бүгінгі күнгі өзекті мәселе энергияның баламалы
көздері мен «жасыл технологияларды» енгізу мәселесі талқыға салынды.
5.«ЭКСПО-2017» көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу
мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен
технологияларды зерттеуге арналған. Негізгі мақсаты –
жаңармалы энергия
көздерін пайдалануға және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуға
ынталандыру.
6.Көрмеге қатысушы елдерге, қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және
түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,
ұлттық өндіріс заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетеді. Қалай дегенде де,
ЭКСПО сияқты халықаралық көрмелерге қатысу
қай елдің болса да әлеуетін
дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: