дейін ауыздан-ауызға жеткізіп, айтып жүреді. Атамның көкпар десе,
көңілі
әрқашан да көтеріліп-ақ қалады. Міндетті түрде көкпарға барады. Мені де өзімен
бірге ертіп барады. Жанынан бір елі тастамайды.
Көкпар болатын күні ертелеп үйден шықтық. Көкпарсай біздің ауылдан едәуір
ұзақ. Оған жеткенше жол бойын тамашаладық. Жан-жақтың бәрі жасыл желек.
Көз тойдырады.
Атамның көкпарға қосатын атына өзінің шәкірті Дүйсенбек мінді. Алғашқы
салымға шыққанымен, мәреге көкпарды тастай алмады. Тіпті салым салуды ойға
алмағандай. Менің түсінігімше, атының етін қыздырып жүргендей. Өзінің де,
атының да бойын үйреткісі келгендей.
Түске жақын ғана Дүйсенбек екі салым салды. Астындағы көкпар аты – Торыкөк
өз бабына әбден келіпті. Ойнақшып, тыпыршып,
сылаң қағып, жер тарпиды.
– Әлібек, – деді атам маған, – қазір ең үлкен салымға жеңіл машина тігіледі.
– Ата, біздің ат салса, жақсы болар еді.
– Бұйырғаны болар, балам, – деді
атам тіп-тіке, жантаймай отырған күйде.
– Ата, сіз неге үнемі тіп-тіке отырасыз? – дедім атамды жаңа ғана көріп білгендей.
Атамның дастарқан басында да жантайып, жанбастап жатқанын көрмеппін.
– Ол – көкпардың арқасы. Жас кезімде көкпарды жақсы көрдім. Көкпарға көп
қатыстым. Талай рет салым салдым. Төңірекке аты мәлім Қуатбек палуан
атандым. Қараптан-қарап отырсам да, тұлпардың үстіндегідей сезіндім. Содан
болар, бойымды тік ұстап, еңсемді көтеріп отыруды жаным да, тәнім де қалайды.
Дастарқан басында тіп-тіке отыру – қаныма сіңген әдет, –
деді атам көкпардағы
додадан көзін бір алмай.
Торыкөк көкпардан сол жолы ең үлкен бәйгені ала алмады. Шәкірті Дүйсенбек те
ренішті көңілін жасырмады.
– Өз қолыммен салымды басқа біреуге өңгеріп жібергенімді қарасаңшы! – деді
намыстана.
– Еш оқасы жоқ. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген. Бұйырмаған болар.
– Қуатбек аға, қателік менен болды. Көкпарды тақымға сала бергенімде ептілік
таныта алмадым, – деді Дүйсенбек.
Торыкөк те бастапқыдай ойнақши қойған жоқ. Қос жанарынан от шашқан нұры да
жарқ-жұрқ етпеді. Әлденеге жайсызданып, қатты-қатты шыңғыра кісіней жөнелді.
–
Жануар-ай, тілің жоқ-ау. Әйтпесе, бұл да сезінеді. Қарасаңшы, үлкен салымды
сала алмағанын түйсінгендей кісінеуін. Жануардың
есті болып жаратылғанын
айтамын.
Көкпар аяқталды. Ел-жұрт жан-жаққа тарай бастады. Таңертеңнен бері қарақұрым
болып жиналғандардың селдіреген бірер тобы ғана қалды.
Достарыңызбен бөлісу: