I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет38/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


1161-нұсқа 
1-Мәтін 
Мінез – саналы өмір жүйесіндегі нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, 
сыр –сипат, іс – әрекет, бет – әлпеті ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез 
– адамның эстетикалық –этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілік, ұят, намыс сияқты 
ерекше қасиеттерді атаған жөн. 
Кез келген адамды бір көргенде –ақ, оның көзі, қасы, беті, құлақ- мұрны, дене бітімі саған әр 
қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып – ақ, ол қандай адам, 
сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл – адамды адамның сыртқы келбеті 
арқылы – ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде – ақ: «Әдемі киінуді ұнататын 
сәнқой екен», «Күлкісі қандай жасанды», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не 
сүйсіндіреді, не жағымсыз әсер қалдырады, тіпті, таң – тамаша да қалдырады. 
1. 
Мәтіндегі адам мінезіне көркемдік ұялататын қасиет 
A) Адалдық 
B) Білімділік 
2. 
Мәтін мазмұнына сай мақал 
C) Алғырлық 
D) Әдептілік 
Е) Еңбекқорлық 
A) Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейдіD) Жақсы болсаң – жақын көп 
B) Көз көрсетеді, ой танытады 
C) Талапты ерге нұр жауар 
Е) Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай 
 
2-Мәтін 
Марс – күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың ұсынған 
болжамы бойынша, мұнда түс ғаламшардың атмосферасында темір оксидінің өте көп 
болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс шамамен Жермен бірдей айналым 
жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара – пар. Марстың диаметрі Жерден екі 
есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл. 
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы. 
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар кездеседі. 
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
құбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел – қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған 
өзен сағалары. Сондай – ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. 
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп 
тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан 
құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан 
тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 60 құрайды. 
Марста азон қабатының болмауы себепті, Күн шығыстан шыға саласымен ғаламшар беті 
адамды күйдіріп жіберетін радиация дозасын қабылдайды. 
3. 
Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі 
A) Қысымның өте төмендігі 
B) Судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы 
C) Марста биік таулардың болуы 
D) Марста темір оксидінің көп болуы 
Е) Ғаламшарда өзен сағаларының болмауы 
4. 
Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды 
 
5. 
Марста азон қабатының болмауының адамдарға тигізетін зияны 
A) Күйдіріп жібереді 
B) Қан құрамын өзгертеді 
C) Дене қысымы төмендейді 
D) Оттегі газға айналады 
Е) Үсітіп жібереді 
6. 
Марстағы орташа тәуліктік температура қанша болады? 
A) -60 
B) -37  
C) 22,7 
D)  24 
 
 
3 – Мәтін 
Е)   

240 
 
 
Бақытсыз бай 
Ертеі бір бай өмір сүрді. Оның тусқаны да, баласы да – жинаған мал – мүлкі мен ақшасы еді. 
Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жылқышысының көңілді күлкісін естіп, оның 
үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны 
түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. 
Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: «Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне 
барып мәз болып жатыр», - деген аман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. 
Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 
-Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды ойнатамын деп 
шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды. 
-Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп 
қаламын, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы. 
-Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: «Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол 
ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы», - деп күдігінен арыла 
алмай – ақ қойды. 
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтады. 
Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен 
сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп 
кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не 
істерін білмей қалды. Үн – түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. 
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай 
ақыры: 
-Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, 
тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді 
Сонда жалшысы: 
-Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман –ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. Менің 
байлығым – екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң 
атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан 
мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн – түнсіз қалды. «Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. 
Мен сияқты қызығатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым 
ауырып кетті». 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп 
шыққан екі баласына қызыға қарап қалды... 
7. 
Байдың бақытсыздығының себебі 
A) Байлығының молдығы 
B) Кедейдің тілегі 
8. 
Байға күдік тудырған нәрсе 
A) Кедейдің сөзі 
B) Көңілді күлкі 
9. 
Байдың бойындағы қасиет 
A) Адалдық 
B) Еңбекқорлық 
10. 
Жалшының бақыты 
A) жұмысы 
B) ақшасы 
11. 
Әңгіменің түйіні 
C) Отбасының жоқтығы 
D) Жинаған мүлкі 
 
C) Шықырлаған ақша 
D) Кедей балалары 
 
C) Мақтаншақтық 
D) Қызғаншақтық 
 
C) байлығы 
D) қазынасы 
Е) Кедейдің еңбегі 
 
 
Е) Сылдырлаған күміс 
 
 
Е) Тәкаппарлық 
 
 
Е) балалары 
A) Жаңа бай мақтаншақ келер 
B) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық 
C) Бай байға құяды, сай сайға құяды 
12. 
Кедейдің тілегі 
D) Балалы үй - базар 
Е) Байға құл болғанша, байғұсқа ұл бол 

241 
 
 
A) Бар байлығымнан айырма 
B) Мол байлыққа жолықтыр 
C) Өміріме жеңілдік бер 
D) Байдың құлдығынан құтқар 
Е) Жақсы жұмыс бер 
 
4-мәтін 
1.  Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін – бірі танысын – 
танымасын, кездесе қалған жағдайда қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық – саулық 
сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге 
шыдамды, жүк артса – көлік, жесе –ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе 
жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота, 
тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. 
2.  Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, 
бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, 
қазанат, сәйгүлік, дүлділ арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар 
оны үлкен ас – тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Мысалы, аяң 
жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүрі, шабыс. Оның түсі де 
әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б. 
3.  Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, 
құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де 
пйдаланып отрыған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, 
тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі 
адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» 
деп мазақтайтын тіркестер қорданылады. Сиыры жоқ үй ас ауқаты жұтаң үй болып есептелген. 
Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа 
деп атаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, 
салт та мінеді. 
4.  Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – 
қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта – ықыласы мол – ақ. 
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сінімді, 
сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік 
ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, 
шыбыш, серке деп бөледі. 
5.  Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал 
көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып 
отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан 
жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, 
тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті, түйенің 
шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз 
перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып – толғанып, еркелетіп 
отырған. 
13. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал. 
A) Ат – биеден, аруана - түйеден 
B) Есі кеткен ешкі жинар 
C) Тайлы бие тайлақты түйедей 
14. Мәтін мазмұнының реттілігі 
D) Сиырдың сүті тілінде 
Е) Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер 
1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі 2. Сыйдың ең қадірлісі 3.Үндемейтін адамға қатысты 
теңеу 4. Амандасу әдебі. 5. Төрт түлікке қатысты халық ырымы 
A) 4.2.5.3.1 
B) 1.2.5.4.3 
C) 1.2.3.5.4 
D) 4.5.3.2.1 
Е) 4.2.3.1.5 
15. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік 
A) Жылқы 
B) Түйе 
C) Ешкі 
D) Қой 
Е) Сиыр 

242 
 
 
16. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді? 
A) Үшінші 
B) Бесінші 
17. Қойға қатысты сипаттама 
C) Төртінші 
D) Бірінші 
Е) Екінші 
A) Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шабаш, серке деп бөлінеді 
B) Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған 
C) Кейде көшке де, егіске де пайдаланылып отырған 
D) Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы 
Е) Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған 
18. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі 
A) Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен 
B) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған 
C) Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі 
D) Ас – ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған  
Е) Оқу, білім алудың бірден –бір көзі болған 
19. Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны 
A) Жылқы 
B) Қой 
C) Түйе 
D) Сиыр 
Е) Ешкі 
20. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған? 
A) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан 
B) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған 
C) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған 
D) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан 
Е) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарла болғандықтан 
1162-нұсқа 
1-Мәтін 
Тасып жүргенім жоқ... 
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен 
мықтыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», - деп 
өкпелепті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы: 
-Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің –ау! – депті. Сонда Сырым: 
-Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті. 
1. Мәтінде қолданылмайтын қарама – қарсы ұғымдар 
A) Аз бен көп 
B) Тасу - сасу 
C) Ақ пен қара 
D) Нашар мен мықты 
Е) Тату мен араз 
2. Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі? 
A) Қаталдығына 
B) Тілінің қыршаңдығына 
C) Әділетсіздігіне 
D) Көпшілдігіне 
Е) Өктемдігіне 
 
2-Мәтін 
Марс ғаламшары туралы қызықты деректер 
Марс  –  күннен  алыстығы  жөнінен  төртінші  ғаламшар  саналады.  Ғаламшардың  аты  ежелгі 
римдіктердің  соғыс  құдайы  Марстың  құрметіне  қойылан.  Оған  себеп  жұлдыздың  қан  түстес 
қызыл  болғандығы  деп  айтылады.  Ғаламшардың  ұсынған  болжамы  бойынша,  мұндай  түс 
ғаламшардың  атмосферасында  темір  оксидінің  өте  көп  болуымен  байланысты.  Өз  осінен 
айналуы  бойынша  Марс  шамамен  Жермен  бірдей  айналым  жасайды.  Марстағы  бір  жыл 
Жердегі 687 тәулікпен пара – пар. Марстың диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе 
жеңіл. 
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы. 

243 
 
 
Марс бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар кездеседі. 
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
құбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел – қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған 
өзен сағалары. Сондай – ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. 
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп 
тұра алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан 
құрамындағы оттегі газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан 
тапсырады деген сөз. Марстағы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 60 құрайды. 
Марста азон қабатының болмауы себепті, Күн шығыстан шыға саласымен ғаламшар беті 
адамды күйдіріп жіберетін радиация дозасын қабылдайды. 
3. Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі 
A) Марста темір оксидінің көп болуы 
B) Марста биік таулардың болуы 
C) Судың әрекет етуімен түзілетін 
минералдардың табылуы 
D) Ғаламшарда өзен сағаларының болмауы 
Е) Қысымның өте төмендігі 
4. Марста азон қабатының болмауының адамдарға тигізер зияны 
A) Күйдіріп жібереді 
B) Қан құрамын өзгертеді. 
C) Үсітіп жібереді 
D) Оттегі газға айналады 
Е) Дене қысымы төмендейді 
5. Марстағы орташа тәуліктік температура қанша болады? 
A) -22,7  
B) -687  
C) -24  
D) -60  
Е) -37  
6. Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды 
A) Темір оксидінің көп болуы 
B) Өзен сағалары 
C) Тау массивіне ие болуы 
 
 
 
3-мәтін 
D) Озон қабатының болмауы 
Е) Минералдардың табылу 
Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып, табыс тауыпты. Үйіне 
дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмапты. Бегайдардың үйлі – 
баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес – алты ешкісі болады. Бірақ тұрмысы күннен күнге 
гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен: 
-Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес –алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың 
берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірақ берекесі 
жоқ. Сыры неде? – деп сұрады. 
Көршісі: 
-Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - деп жауап берді. Бегайдар 
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап – шалдығып келе жатып, бір лашыққа тап болды. 
Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін 
шалға жағдайын баяндады. Шал: 
-Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны 
қандай адамға берсем болады? – деді. Бегайдар: 
-Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегімізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақ жол жүріп, 
шаршап – шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп: 
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым жеміс 
бермейді. Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең 
дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? – деді. Бегайдар: 
-Терлеп – тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес – алты 
ешкісі, көп бала – шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Соның сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен 
кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген – білгенін 
жеткізді. Данышпан басып шайқап: 
- Ай, балам –ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні – ақылды 

244 
 
 
әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны 
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны қыздың 
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі 
екеуі барша мұратына жетіпті. 
7. «Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы: 
A) Әйел – үйлестіруші, үйдің құты 
B) Әйел – үйретуші, тәлімгер 
Е) Әйел – әдемі, сұлу 
8. Әңгіменің түйіні 
C) Әйел – қорғаушы, бақылаушы 
D) Әйел – сыншы, бағалаушы 
A) Бас екеу болмай, мал 
төртеу болмайды. 
B) Ырыс алды - ынтымақ 
C) Еңбексіз тапқан мал 
есепсіз кетеді 
D) Ерте тұрған еркектің 
ырысы артық 
Е) Ерте тұрған әйелдің бір ісі 
артық 
 
9. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Данышпан ақылы 
2. Көршісінің кеңесі 
3. Бәйтеректің өтініші 
4. Лашықтағы әңгіме 
A) 2,3,4,1 
B) 3,4,1,2 
 
 
 
 
 
C) 2,4,3,1 
D) 1,2,3,4 
 
 
 
 
 
Е) 4,1,2,3 
10. Қыздың ата –анасына берілген нәрсе 
A) Мал –мүлік 
B) Қалыңмал 
11. Көрші үйдің берекесінің сыры 
A) Мол табысында 
B) Қоңырақай тұрмысында 
C) Жеміс ағашы 
D) Бес – алты ешкі 
 
C) Ақылды әйелінде 
D) Бес – алты ешкісінде 
Е) Күміс 
 
 
Е) Бала – шағасында 
12. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры 
A) Ауа райы қолайсыз болғандықтан 
B) Суға тапшы болғандықтан 
C) Түбіндегі алтын өсірмегендіктен 
 
D) Ағаш кәрі болғандықтан 
Е) Тамыры тереңде болғандықтан 
 
4-МӘТІН 
5. 
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 
6. 
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 

245 
 
 
7. 
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары. 
8. 
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
9. 
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 
2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
13. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А) Ұят – өлімнен күшті 
В) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас 
С) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
14. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
В) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек 
С) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
D) Көргені жақсы көш бастар 
E) Ел ерімен, ер елімен мықты 
 
 
D) Қозы өрбіткен жер болса керек 
E) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны 
А) Отарлау саясатынан құтқарған хандар 
В) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері 
С) Қазақ хандығының негізін қалаушылар 
D) Саяси бітімгерлер 
E) «Жеті жарғыны» енгізген хандар 
16. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы 
А) Хақ – Назар хан 
В) Абылай хан 
С) Әлихан Бөкейханов 
D) Әз-Тәуке хан 
E) Шоқан Уәлиханов 
17. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан 
А) Кенесары хан 
В) Әз – Тәуке хан 
С) Әз – Жәнібек хан 
D) Абылай хан 
E) Әбілқайыр хан 
18. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
А) «Қазақстан – 2050» 
В) «ЕХРО – 2017» 
С) «Мәңгілік ел» 
D) «Қазақстан – 2030 
стратегиясы» 
E) «Қасым ханның қасқа жолы» 
19. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі 
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді 
В) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді 
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді 
D) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді 
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді 
20. Мәтін мазмұнына сай тақырып 

246 
 
 
А) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері 
В) Тәуелсіздік тірегі - тіл 
С) Күшті бірді, білімді мыңды жығар 
D) Ел боламын десең, бесігіңді түзе! 
E) Тәрбие басы – тал бесік 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет